Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркиядағы президент сайлауында дауыстарды санау қорытындысы бойынша үміткерлердің ешбірі 50 пайыз жинай алмағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинады.

 

Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі тиіс.

 

«Дауыс берудің екінші кезеңі Түркияда 28 мамырға белгіленді», - делінген хабарламада.

 

Ал Анкарада жүздеген адам дауыс беру нәтижесін күтіп отыр.

 

Түркияда президент сайлауымен қатар, парламент сайлауы да өтуде. Ол жерде дауыстарды санау 95 пайызды құрады. Алдын ала нәтижелер бойынша, биліктің «Әділет және даму партиясы» – 49,47%, оппозициялық «Республикалық халық партиясы» 34,09% дауыс жинаған.

 

Сайлау учаскелері жабылғанға дейін сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы 14 мамырда кешке Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Энер мәлімдеді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста