Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласы толық сүріледі. Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Шенеунік қазір іздеу-құтқару жұмыстары үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз үлкен апатты бастан өткердік. Қала құрылысы министрі Куруммен бірге шешім қабылдадық, барлық қоқысты тазалап, қаланы толық сүреміз, 100 пайыз. Қала қайта салынады", - деді Билгин.
 
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалада кемінде 40 мың адам өмір сүрген.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста