Түркиядағы сел тасқынынан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті
Түркияның оңтүстік-шығысында Шанлыурфа провинциясында сел тасқынымен ағып кеткен 20 жастағы Эмин Эргюнді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Іздеу-құтқару операциясына жүз адамдай тартылды. Эргюн тізгіндеген жүк көлігі 15 наурызда тасқынмен ағып кеткен. Құтқарушылар ағын жүк көлігін Ататүрк атындағы су қоймасына дейін әкетуі мүмкін деп отыр. Операцияға сүңгуірлер тартылып, дрондар пайдалануда. Эргюннің туыстары мен жақындары оның аман табылатынына үміттеніп отыр.
Соңғы дерек бойынша, Шанлыурфа және Адыяма провинцияларындағы сел тасқынынан қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.
Бұған дейін хабарланғандай Түркияның оңтүстік-шығысындағы екі провинциясында қатты жаңбыр жауып, сел тасқыны жүрді, салдарынан 14 адам көз жұмды.