Түрмедегі қанды қақтығыстан 100-ден аса адам қайтыс болды
Эквадордағы түрмеде туындаған қақтығыстан 100- ден аса адам қайтыс болып, кем дегенде 52 адам зардап шекті деп хабарлайды CNN елдің түрме агенттігіне сілтеме жасап.
Қанды қырғыннан қаза тапқандар саны әлі де артып жатыр.
Қақтығыс сейсенбіде жағалаудағы Гуаякиль қаласының шетінде орналасқан Литорал түрмесінде болған.
Эквадордағы SNAI түрме агенттігі осыған дейін түрме павильондарының біріндегі жарылыстар мен қылмыстық топтар арасындағы төбелес туралы хабарлаған еді.
Жергілікті полиция бастығы Фаусто Буэнаньоның сөзінше, қаза тапқандар мен жарақат алғандар гранаттар мен оқтардан зардап шеккен.
Ал Гуаяс провинциясының губернаторы Пабло Аросеменаның айтуынша, сотталушылардың кем дегенде бесеуінің басы кесілген.
SNAI агенттігі биыл Эквадор түрмелерінде қантөгіс салдарынан 140-тан астам азаптап өлтіру дерегі тіркелгенін мәлімдеді.
Соңғы жағдайларға байланысты үкімет Эквадор түрмелерінде 60 күндік төтенше жағдай режимін жариялады.
Бұл шара әскери қызметшілерді пенитенциарлық мекемелерге жіберуге мүмкіндік береді және тұтқындардың жеке өмірі мен бостандығына, тінту мен басқа да бақылау шараларына рұқсат беру құқығын шектейді.