Тыр жалаңаш қыздар бұл жолы Түркияда яхтада суретке түсті (ВИДЕО)
Түркияның Мұғла уәлаятына қарасты Гөжек ауылына жақын жерде тұрған қайықтағы қыздар жалаңаш күйінде фотосессия жасады. Осы оқиғаның бейнекөрінісін түріктің haber48.com.tr сайты жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
Автордың айтуынша, қайықта 4 қызбен бірге 2 еркек болған. Мұны видеоға түсірген жергілікті тұрғындар мұндай әдепсіз қылықтың қасиетті Рамазан айында болғанына наразылық білдіріпті. Оның үстіне Түркияда қазір пандемияға байланысты жұрттың көшеге шығуына тыйым салынған. Тек Мұғлада жекеменшік яxталардың теңізге шығуына рұқсат берілген.
Айта кеткен жөн, бұдан бұрын бір топ украин қыздары Дубайдың қақ ортасындағы қонақ үйдің балконына шығып тыр жалаңаш күйінде суретке түскен. Әмірліктер билігі ұятсыз қызларды алдымен түрмеге қамап, қомақты айыппұл салды. Содан кейін елден аластатты. Түркиядағы жалаңаш фотосессияның немен аяқталғаны әзірге белгісіз.