Үндістан мен Пәкістанда қуатты циклон қарсаңында 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Үндістан мен Пәкістанда қуатты циклон қарсаңында 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Үндістан мен Пәкістанда қуатты Бипраджа циклоны алдында 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Бипарджа бенгаль тілінен аударғанда «апат» деген мағынаны білдіреді. Синоптиктердің болжамынша Бипраджа Араб теңізінен өтіп, бейсенбі күні кешкісін Үндістанның Гуджарат штатына жетеді. Циклон жергілікті тұрғындардың үйлері мен егістіктерін жоюы мүмкін.

Ал, Пәкістанда дауыл Синд провинциясының жағалауына келеді. Билік оңтүстік-шығыс жағалаудан 62 мың адамды эвакуациялады және 75 лагерь құрды.

Пәкістан климат өзгерісі министрі Шерри Рехманның айтуынша, 20 млн адам тұратын провинцияның ірі қаласы Карачиге қауіп төніп тұр, бірақ шұғыл шаралар қабылданып жатыр.

Метеорологтердің айтуынша, бұл қуатты дауылдың жылдамдығы сағатына 135 шақырымға дейін және екпіні 150 шақырымға дейін жетеді. Сондай-ақ, олар толқынның көтерілуінен жағалаудағы аудандарды су басуы мүмкін екенін ескертті.

Билік Гуджарат ауданында пойыз қозғалысы тоқтағанын мәлімдеді, ал Үндістанның екі ірі Кандла және Мундра порттары жұмысын тоқтатты.

Кейінгі жылдары климаттың өзгеруіне байланысты Араб теңізінің беткі температурасының жоғарылауы қоршаған аймақтарды жойқын дауылдарға одан да осал етті. Айта кетсек, Тауктаэ циклоны – 2021 жылдың мамырында осы өңірге келген соңғы күшті циклон. Ол кезде 174 адам қаза тапқан болатын.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста