Үндістанда маймылдар 3 жасар қызды таспен ұрып өлтірді
Үндістанның Телангана штатында маймылдар үш жасар қыздың басына тас лақтырып өлтірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап жазды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үш жасар Девунури Абхинав маймылдар оның басына тас лақтырған кезде қаңылтырдың астында ойнаған. Баланы құтқару мүмкін болмаған.
Қыздың басынан бұдан да қорқынышты жағдай өткен. Алты ай бұрын Девунури пышаққа тамағымен құлап өле жаздайды. Қызының өмірін сақтап қалу үшін ата-анасына операцияға алты мың доллар жинау қиынға соқты. Қыз ұзақ оңалтудан өтті және жарақаттан кейін жақында ғана толық жазылды.
Порталдың хабарлауынша, Үндістандағы маймылдардың адамдарға жасаған шабуылдары халық арасында үлкен алаңдаушылық туғыза бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл сайын приматтардың агрессиясы күшейіп келеді.