Ыстамбұл маңындағы жағажайдан жарылмаған 28 мина табылды
Ыстамбұл маңындағы Қара теңіздің жағалауында Шиле курортының жағажайынан 28 жарылмаған мина табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengritravel.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап жазды.
"30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 10:00-де сүңгуірлер су астынан 28 жарылғыш зат тапқан, қауіпті заттың көзін жою үшін оларды құрлыққа алып шықты", - дейді Ыстамбұл провинциясының билігінің өкілдері.
Сүңгуірлер теңіз түбін әлі де тексеріп жатыр. Шиле полициясының мәліметінше, Софулар жағажайы жабылған.
Мұндай жарылғыш заттар бұрындары Румыния жағалауында және түркиялық бұғаздың маңында табылған екен.
Сәрсенбіде артилериялық снарядтардың бақылауға алынған жарылыстармен көзі жойылған.
"Саперлар снарядтарды жалғап, бақылауға алынған жарылыспен жарған. Қауіпсіздік шарасы аясында таяу маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланған", - дейді дереккөз.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz