Жанармай бекетіндегі жойқын жарылыстан ондаған адам қаза тапты
Махачкаладағы жанармай құю бекетінде күшті жарылыс болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі балалар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Лента дня" Telegram-арнасының хабарлауынша, зардап шеккендер саны - 75.
Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған.
Өрт сөндірілді, Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Махачкаладағы жарылыс фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-баптың 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz