Жапон ғалымдары қардан электр энергиясын алмақшы

Жапон ғалымдары қардан электр энергиясын алмақшы

Аомори қаласының билігі электр энергиясын алу үшін қар қолданбақшы. Пилоттық жобада турбина қар еріген кезде алынған сұйықтық пен ауа арасындағы температура айырмашылығымен қозғалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Осы мақсатта қарды арнайы оқшауланған бұрынғы мектеп бассейнінде жинап, кейін қоршаған ауаның жылуымен буланып, еріген кезде алынған сұйықтық турбинаны қозғалысқа келтіреді.

Бұл жоба жергілікті IT-компанияның Токио электрокоммуникация университетімен ынтымақтастығы аясында пайда болды.

Аомори Жапонияның солтүстік бөлігіндегі қала, әр қыста қар көп жауады, оның салдарын жою үшін жергілікті билік көп ақша жұмсайды.

Қала көшелеріндегі тазартылған қар массалары бұрын теңізге төгілген.

Енді жергілікті билік жиналған қардан пайда табуға тырысып жатыр - мысалы, электр энергиясын алу үшін табиғи еріту процестерін қолдануда.

Турбинаның өнімділігін арттыратын температураның үлкен айырмашылығын алу үшін мамандар болашақта жергілікті ыстық бұлақтардың табиғи жылуын және жердің жылуын пайдалануды жоспарлап отыр.

Эксперимент оң нәтиже көрсетсе, олар қарды қайта өңдеуге негізделген жаңа саланың пайда болуына үміттеніп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста