Жапония екі жылдан кейін туристерге есік ашты
Жапония екі жылдан кейін шетелдік туристерге елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz Жапонияның туризм басқармасына сілтеме жасап.
Жаңа ережелер аясында тек үш санаттағы мемлекеттен келген қонақтар ғана елге кіре алады. «Көк» санаттағы елдер тізіміне COVID-19 таралуының жағдайы тұрақты мемлекеттер кіреді. Жалпы алғанда, бұл топқа 98 мемлекет енген. Олардың азаматтары карантиннен босатылады және ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсетуге тиіс.
«Сары» санаттағы топқа кіретін елдердің азаматтарынан коронавирусқа қарсы вакцинаның үш дозасын алғаны туралы сертификат талап етіледі. Бұл жағдайда «сары» топ елдерінің азаматтары міндетті карантиннен босатылады және ПТР-тест талап етілмейді.
«Қызыл» санаттағы топқа COVID-19 таралу қаупі жоғары елдер кіреді. Бұл елдердің азаматтары Жапонияға теріс ПТР-тестпен ғана келе алады. Олай болмаған жағдайда карантинге жіберіледі.