Зеленский Грузиядағы наразылыққа қатысты пікір білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Грузиядағы наразылық білдірушілерге видео үндеу жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Зеленский Telegram-арнасында барлық украиндық Грузияға демократиялық табыс пен еуроинтеграция мәселесінде ілгерілеушілік тілейді.
"Біздің достас Грузияның жетістігін қаламайтын украин жоқ. Демократиялық табыс. Еуропалық табыс. Біз Еуроодақта болғымыз келеді және біз сонда боламыз. Біз Грузияның Еуроодақта болғанын қалаймыз, мен де сондаймын. солай болатынына сенімдіміз. Біз Молдованың Еуроодақта болуын қалаймыз және солай болатынына сенімдімін. Еуропаның барлық еркін елдері бұған лайық", деді ол.
Осы уақытта Грузия астанасы Тбилисиде арнайы жасақ пен шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыс жаңа күшпен басталды.