Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Ресей либералды-демократиялық партиясы партия мүшелеріне Жириновскийдің өлімі жайлы жалған қоңыраулар жөнінде түсіндірме жолдады. Мұнда саясаткердің өлімі туралы ақпараттың жалған және негізсіз екені жазылған. Бұл туралы РИА Новости басылымына Мемлекеттік дума депутаты, РЛДП орталық аппараты басшысының орынбасары Сергей Каргинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Жириновскийдің коронавирус жұқтырып, 2 ақпанда аурухаға түскені белгілі болған. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланған. Сонымен қатар партияда Жириновскийдің жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан. 

"Арандатушылық болды, түнде хабарласып, Владимир Вольфовичтің өлімі туралы айтқан. Біз ақпараттың жалған және негізсіз екенін түсіндірдік", - деді Каргинов. 

Саясаткердің сөзінше, адамдар даурықпай және арандатушыларға ермеуі үшін түсіндірме жұмыстары жүрген. 

Басылымның мәліметінше, Владимир Жириновский коронавирусқа қарсы 7 рет вакцина алған, алайда өкпесі қабынып ауруханаға түскен. 

Кейбір БАҚ өкілдері оның өкпесі 50-75% қабынғанын жазған. 

Владимир Жириновский 75 жаста, Алматы тумасы. Қазір Ресей Мемлекеттік думасының депутаты. Ол өзінің түрлі мәлімдемелері арқылы елге танылған еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста