Жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті, үш адам қаза тапты
Корея Республикасының оңтүстік-батысында ауылшаруашылық кооперативінің басшысына дауыс беруге кезекте тұрған бір торп адамды жүк көлігі қағып кетті, салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:30 шамасында Сеулден оңтүстікке қарай 240 шақырымдай жердегі Сунчанг қаласындағы ауылшаруашылық кооперативі ғимаратының тұрағында тыңайтқыш тиелген үлкен жүк көлігі шамамен 20 адамнан тұратын топты қағып кеткен.
Үш адам қаза тауып, тағы бес адам ауыр жарақат алды. Құрбандардың көпшілігі қарт адамдар болғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
20 адам жеңіл жарақат алды. Олар да жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Жүк көлігінің жүргізушісі, жасы 70-тер шамасындағы ер адам оқиға орнында тұтқындалды.
Полиция апаттың нақты себебін анықтап жатыр, себебі бұл көлік жүргізудің нашарлығына байланысты болуы мүмкін.