Жүрек қан тамыры үзілген дәрігер операцияны сәтті аяқтады
Өзі қатты ауырып тұрып, науқасқа операция жасаған дәрігер туралы естідіңіз бе? Мұндай батыл хирург Қытайда тұрады. Цзинцзян қаласының тумасы, 49 жастағы медик жүрегі ұстап қалған адамға операция жасап жатып, өз жүрегінің түйрегенін байқайды. Ол осыған қарамастан, ауруды басатын дәрілерді қабылдап алып, науқасты емдеуін жалғастыра берген. Ақыры операция бітісімен, ақ халаттының өзі науқастар палатасынан бір-ақ шыққан. Оны тексерген әріптестері жүрегінің соған дейін жуан қан тамыры үзіліп кеткенін анықтап, дереу ота жасады. Сөйтіп, 12 сағат бойы пышаққа түскен батыл дәрігер тірі қалды. Жалпы жүректің жуан қан тамыры үзілген кезде науқастардың 90 пайызы сол жерде көз жұмады екен, деп жазады informing.ru.
24.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу