Рак ауруын содамен емдеген

Рак ауруын содамен емдеген

Италияның белгілі онкологы Тулио Симончини рак ауруын кәдімгі ас содасымен емдеуге болады дейді. Оның айтуынша, қай ағза, қай ұлпада болмасын, қатерлі ісік бір себептен басталады екен.
Ұзақ жылғы тәжірибесінде Т.Симончини қатерлі ісіктің бәрі ағзаның ең әлсіз, ауруға бейім тұсында «Candіda» саңырауқұлағының көбейіпе, жан-жаққа тарауынан басталатынына көз жеткізіті. Негізі белгілі мөлшерде ол әрбір адам ағзасында бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал көбейген жағдайда ағзаға улы шабуыл жасайды. Сондықтан оның шоғырланған жеріндегі клеткалар шабуылдан сақтану үшін сақтану үшін қорғаныс қабатын түзе бастайды. Осы түйін тектес қорғаныс қабаты қатерлі ісік болып саналады екен.
Т.Симончини қатерлі ісікті натрий бикарбонатымен емдеуге болатынына сенімді. Оның айтуынша, «Candіda» саңырауқұлағын кәдімгі ас содасымен-ақ толық емдеп-жазуға болады екен. Өйткені сода әлгі саңырауқұлақты өршітпей, айналасына зиян келтірмей жоятын көрінеді.
Ұзақ жылғы зерттеуінде осындай қорытындыға келген онколог көз жеткізген нәрсесін іс жүзінде дәлелдеуге дайын. Бірақ оған мұндай мүмкіндік берілмей отыр. Тіпті, бұл зерттеуі мен бастамасы оны атақ пен абыройынан жұрдай етіп отырған жайы бар. «Қатерлі ісікті содамен емдеу мүмкін емес, ол саңырауқұлақтың өршуінен туындамайды!» деген отандас өзге онкологтар оның осы күнге дейінгі бар атақ-абырой, тіпті лицензиясынан да айырыпты. Ол аздай, рұқсат етілмеген тәсілмен емдеді деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылған.
Бүгінде Т.Симончини темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүр. Бірақ ол да дегенінен қайтпапты: қауіпті де қатерлі деген дерттің емін қарапайым да қолжетімді тәсілмен емдеген тиімді деуден танар емес деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бір қызығы, әріптестері оны қолдамағанмен, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар арасында тәуекелге бел буып, тәжірибеден өтуге келісіп отырғандар көп. Оған Т.Симончинидің әдісімен емделу арқылы ісік көлемі кішірейген келіншектің басынан өткен оқиға себеп болыпты. Омырау безі қатерлі ісігіне шалынған отыз алты жастағы келіншек онкологты абақтыға іздеп барып, онымен кеңеседі. Сөйтіп содамен емделіп көрген. Оңды нәтиже байқалғанда басынан өткен жайды баяндап, қолдаушы топ жинайды. Сөйтіп белгілі онкологтың тәжірибесімен омырау безі қателі ісігінен емделушілер қатары өздігінен көбейген. Италияның өзге онкологтары осыған алаңдаулы. Бірақ бұл әрекетке тосқауыл қоя алар емес. Ал абақтыдағы онколог өмірінде 25-тен аса жағдайда антибиотик қабылдаған әйелдерде омырау безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 2 есе артатынын айтады. Өйткені антибиотик адамның иммунитетін әлсіретіп, ауру «ошақтағы» саңырауқұлақты көбейтетін көрінеді.


Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста