АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-2

АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-2

...Майдан шебінен өту хикаясы әлі аяқталған жоқ. Ол жердегі көрешегіміз алда. Оған әлі бірнеше рет ораламыз. Бірақ, алдымен біз сонау Солтүстік Кавказда неғып жүрміз, соған тоқталайын. Біздің міндетіміз - "кәсиби ауру" соғыс аймағынан шын ақпарат беру. Сол-ақ! Джохар Дудаевпен кездестік. Ол да сәл кейінірек. Ол кезде Чешенстан тәуелсіздігін жариялап қойған. Ресей мен Ичкерияның арасы ширығып тұр.Соғыс оты әне-міне тұтанады деп отырғанда, ингуш пен осетин халықтарының арасында қанды қасап басталды да кетті. Онсыз да ауылы аралас, қойы қоралас отырған ұлттар бірін-бірі аяған жоқ. Өйткені, Кеңестік жүйе бір кездері бұл халықтарды қуғын-сүргінге түсірген кезде, бірінің жерін біріне беріп іліністіріп қойған. Оны қайтып қалпына келтірмеген. Оның ар жағында соғыс тудыратын тағы біраз себептер бар. Ол саясаттан хабары барлар жақсы біледі. Оқиға десе елең етіп тұратын 6-7 журналист ат терлетіп Грозныйға сапарға шықтық. Өйткені, Ингушетияға апаратын жалғыз қатынас жолы сол. Чешенстанның өзі құрсауда. Грозныйға бір-ақ ұшақ қатынайды. Оның өзі - Алматыдан. Одан әрі-Назрань. Грозныйдан Назраньға бара жатқанда көлік ішінде отырып, зеңбіректердің күркірегенін алғаш естігенде жүрек зырқ ете қалды. Құлағы тыныштыққа үйренгенген қазақ баласына құдайдың қаһарындай сезіледі екен. Назрань қаласындағы штабта біз әйгілі генерал, Кеңес Одағының батыры Руслан Аушевтен таныстық. Екі күн қоян-қолтық бірге жүрдік. Штабтағы жағдайды бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Абыр-сабыр жүгірген көпшілік. Ағыл-тегіл ақпарат. Қайсына сенеріңді білмейсің: Бір ауылда атыс болып жатыр, бір ауылды тып-типыл өртеп жіберіпті, қайда барып, кімнен қорған табарын білмей босыған халық, кімді кім қырып жатқанын нақты ешкім білмейді, өз отбасын қорғауға қару сұрайды. Күздің қара батпағында аяқтарына тәпішке киген екі жігіт келді. Қолдарында атам заманғы қосауыз мылтық. Түрлерінен адам қорқады. «Таудан түстік. Ауылдың жағдайы қиын, не болап жатқанын білмейміз, бізді жаушы ретінде көмек сұрауға жіберді» деп шырқырайды. Руслан Аушевтың ешқандай құзыреті болмаса да, даңқты генерал болғандықтан телефонмен орыс армиясының басшылармен сөйлеседі. Анда-мұнда бітімгерлік күштерін жіберуді сұрайды. Біреулер оны тыңдаса, екіншілері елең қылып жатқан жоқ. Ал елдің көбі оны мына қырғынды тоқтатуға құдыреті жететін құдайдай көреді. Ол жергілікті жасақ басшыларымен де, Мәскеудегі таныстарымен де, Дума депутаттарымен, жергілікті орыс армиясының генералдарымен де кезек сөйлесіп, жаны шығып барады. Бірақ, тұтас аймақты жалмап бара жатқан соғыс өртін, қан-қасапты тоқтатуға әлі жетер емес. Сол кезде өздері ілінісіп әрең отырған ұлттарды бір-біріне қарсы біреу айдап салып отырған жоқ па деген арам ой келеді екен. Штабтағы түнгі жағдай осы. Бізді бір кавказдық жігіт үйіне алып кетті. Ас іштік. Демалдық. Таңертең штабқа қарай үлкен көлікпен шықтық. Көліктің ішінде бірнеше қарулы адам отырды. Ауылдың әр бұрылысында олар көліктен түсіп қалып жатты. Бұл не қылған жауынгерлер? Мен таңданысымды жасыра алмай үйдің иесінен сұрадым: «Бұл не қылған сарбаздар?». Ол түк болмағандай: «Түнімен сіздердің тыныштықтарыңызды күзеткен осы ауылдың жігіттері ғой. Түнде әлдеқандай арандату болса - бәріміз масқара болар едік. Сондықтан олар үйдің төрт бұрышында сіздерді күзетіп отырды» деді жай ғана. Сонда олар мынау майданның ішінде жүріп, қонақтарының да тыныштығын күзеткен болып тұр. Масқара болмас үшін. Рас, соғыстағы ең үлкен қарудың бірі-ақпараттық арандату, дұшпаныңды қаралаудың барлық амалын жасау. Десе де Кавказдықтар ең алдымен оны емес, өлімнен ұяттың жоғары екенін ойлады ғой дедім мен.
/Жалғасы бар/

Serik zhanbolat  facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста