АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-4.

АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-4.

Есімді жинап алдым. Жарылыстың екпінінен блок-постың түбіне құлаппын. Ыршып тұрайын десем, айналам астаң-кестең атыс. Оқ-дәрінің жарылысынан жер беті көрпе сияқты желпілдеп, су сияқты сапырылып кетеді екен. Дүние аласапыранға айналып, оңың мен солыңды таппай қалады екенсің. Блокпостың түбімен бұқпантайлап ыққа шығып бізді әкелген көлікті іздедім. Айналайын, әудемжердегі ойда әлі тұр екен. Ой-шұңқырды паналап сонда жүгірдім. Бірге келгендер жаны мұрнының ұшында мені іздеп отыр. Мен жеткен бойда орнынан ыршып жүре берді. Зымырап келеміз. Тұман сейіле бастаған. Енді байқадық, тау жақ беттегі қалың тоғайдың іші толы ресейдің танктері. Ұңғылары сорайып тізіліп тұр. Ұлтаралық қақтығыс кезінде бейтарап саналатын армия сарбаздары өздерін тым еркін, тіпті сол соғыстың қожайыны сезінеді. Ал соғыстың бір жаманы - кімнің не істеп жатқанын білмейсің.Әркімнің ойына не келсе соны істеуге еркі барына көзіміз жетті. Өйткені, қиян-кескі ұрыс кезінде ешкімді ешкім іздемейді, ешкім өз ісіне жауап бермейді. Неге аттың, кімді аттың деген сұрақ жоқ. Соғыста жауапкершілік деген атымен болмайды екен. Нағыз содырлық пен сойқандыққа ерік беретін жер осы. Соғыс! Сондықтан айдалада қоян құсап зымырап бара жатқан Ниваны танктердің бірі еріккеннен атып қала ма деп зәреміз кетті. Құдай сақтады! Атқан жоқ. Есесіне біздің алдымызда кеткен нан таситын жүк көлігін қырсық шалыпты. Жолдың ортасында жанып жатыр. Тура тиген снаряд жүк көлігін екіге бөліп тастапты. Таспаға түсіріп алу үшін шопыр жігіттен жарты минутқа тоқтауын сұрадық. Шопырдың айтқаны: «Тоқтамаймын, ақырындап жүріп отырамын. Үлгеріңдер!» Мен операторға: «Көліктен түспей-ақ таспаға тарта бер» дедім. Өзіміз түсе салып тұра жүгірдік. Жүк көлігінен түк қалмапты. Эрик Нуршин снарядтың ыстық жарықшағын тауып алыпты. Одан әлі аялдауға шама жоқ. Ауылға қарай зымырадық. Келсек біраз шаруа жасалып қойыпты. Әскерилердің арағайындығымен екі жақтың ақсақалдарының, өкілетті адамдардың келіссөзі ұйымдастырылмақ болып жатыр. Сол әскерилердің көмегімен әр ауылда қаза болғандардың мүрдесін әкеліп жатыр. Оларды алаңға қатар-қатар тізіп қойыпты. Руслан Аушев біз жағдайымызды естіген болу керек. «Алғы шепке бармаңдар деп айттым ғой» деп бұрқ ете қалды. Ал алаңның шетінде үлкен қара шатыр тұр. Журналистерді сол жерге алып келді. «Жүректерің шыдаса кіріп көріңдер!» деді. Палатканың ішіндегі сұмдықты сөзбен айтап жеткізу қиын! Сұмдық! Адам емес, айуандар қинап өлтірген жандардың мүрдесін осы жерге жинапты. Жазықсыз жандарды осылай қорлап өлтіруге болатынын көргенде адамның айуаннан бетер болып кететіне еріксіз сенесің. Денелерін аяусыз кескілеген, шапқан, бауыздаған! Тіпті көргенімді түгелдей сөзбен суреттеп айтуға да дәтім бармай отыр. Басым айналып, жүрегім көтеріліп сыртқы шығып кеттім. Операторға «түсіре бер» деп едім, ол да шыдай алмай сыртқа атып шықты. Ауылдың шетіне шығып біраз уақыт өзіме-өзім келе алмадым. Соғыстың, қан-қасаптың, қырғынның сұмдығы бұндай болады деп кім ойлаған?! Сәлден соң біраз адамды және журналистерді келіссөз алаңына шақырды. Ол жерде де бізді бір қатер күтіп тұрғанын аңдамай қалдық.
/Жалғасы бар/

 

Серік Жанболаттың facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста