АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-5.

АТПАҢДАР, БІЗ ЖУРНАЛИСТПІЗ!-5.

Келіссөздің қауіпсіздігін әскерилер мойнына алыпты. Үлкен жолдың бойында ашық алаң бар. Ортасында тек аялдама тұр. Сол жерді солдаттар айнала қоршап үлкен шеңбер құрап тұрды. Жауынгерлердің арасы екі метрден, бәрі қаруын сыртқа қаратып жіті бақылап тұр. Ортаға төрт бес адамнан екі жақтың өкілдерін өткізді. Алдымен бойында қаруы бар-жоғын тексерді. Сосын төрт-бес, Қазақстан мен Ресейдің журналистері – біздер өттік. Келіссөз басталды. Әрине, бір-біріне дұшпан болғандықтан келіссөз бірден ымырадан басталды деу қиын. Бір-бірін атарға оғы жоқ болып тұрғаны түсінікті. Алдымен іштегі ыза-кек шыға бастады. Ортадағы офицер оларды қалай ымыраға келтірерін білмей әлек. Руслан Аушев небір қиын-қыстаудан өткен адам ғой. Басу айта келіп екі жақты жөн сөздің ретіне, қазір істелуге тиіс істерге бұрып алып келді. Келіссөз барысында ұққаным: көрші мен көрші, көше мен көше, ауыл мен ауыл болып соғысқанда ең қиын дүние қаза болғандардың мүрдесін жинап алу екен. Өйткені, қангөгіс әлі тоқтаған жоқ. Кім мен кімнің атысып жатқанын да анықтау қиын. Сондықтан не де болса мүрделерді жинау, аяқ астынан атысты болдырмау, ең алдымен қарулы солдаттарға жүктеледі. Оның соңынан екі ұлттың өкілдері жүк көлігімен жүріп отырып, мүрделерді жинайды. Дүниеде небір қиындықтар барын білсем де дәл осындай азаптың, шешілмес түйіннің болатынын бұрын білмеппін. Өйткені,ондай жерде атыс аяқ астынан басталып кете береді екен. Өйткені, қан төгілді, жазықсыз қаза болғандар көп. Оны жинауға сабырлының сабырлысы ғана шыдайды. Міне, осылай дауласып тұрғанда журналистердің бірі аялдама түбінде тұрған қарулы адамды байқап қалды. Әй, мынау кім? Айнала қоршап тұрған солдаттардың арасынан бұл қалай өтіп кетті? Абыр-сабыр, айқай-шу басталды де кетті. Үлкен шеңбердің ортасында тұрған оншақты қарусыз адамды әлгі оп-оңай қырып тастай алар еді. Құдай қақты! Байқап қойдық. Солдаттар жүгіріп келіп әлгіні бұрап тастады. Келіссіз жайына қалды. Әй, сен кімсің? Мұнда қалай өттің? Сен кімді атпақ болып көздеп жүрсің? Әлгі жұмған аузын ашпайды. Солдаттар оны бөлек алып кетіп тергеп тұқыртып жатыр. Мені әлі күнге дейін осы сұрақ мазалайды: ол кімге қастандық жасау үшін келді? Оншақты адам әрі бері қозғалып тұрғандықтан ол өз мақсатын орындай алмағаны анық. Оңтайлы сәтті күтті ме? Бірақ көздегені кім болды екен? Біздің арамыздағы ер мінезді қызу қанды Эрик Нуршин тоқтай алар емес. Келіссіз қауіпсіздігін басқарып тұрған офицердің жағасынан алды: «Оны неге өткіздің? Бәріне сен жауаптысың ғой. Айт. Кімге қастандық жасауды ойластырдың?». Офицер азар да безер болып жатыр. «Мен ештеңе ұйымдастырған жоқпын. Оның қалай өтіп кеткенін білмеймін». Келіссөз енді екеуінің «майданына», арты балағатқа ұласты. Екеуі де тоқтар емес. Біз, журналистер, ортамызда Ресей арнасының журналистері де бар, ақылдастық. Екі жақтың келіссөзі ұзаққа созылады. Біз – журналистпіз. Бір жақты ақпаратпен, жауласушы бір жақтың дерегімен қалуға болмайды. Бұл әділдік емес. Ондай біздікі жартылай шындық боп шығады. Сондықтан, мына солдаттарды пайдаланып майданның екінші бетіне өтіп кетейік, сол жақтың шындығын тыңдап қайтайық. Келістік. Ортада тұрған офицерге ойымызды айтып едік, ол қарсы болмады. Сыртта тұрған БТРдағы офицерлердің бірін шақырды. «Мына жігіттерді арғы бетке өткізіп тастайсың». Ол біраз қипақтады. «Колонна емеспіз. Бір қиылыста гранатометпен періп жіберсе қайтем?». Офицер: «Түн ортасы емес. Үлкен көшемен жүр. Түнге қалма. Ешкім атпайды» деді. «Кеттік онда». БТРдың үстіне жапатармағай мініп алдық. Кеттік. Эрикпен жанжалдасқан офицердің ашуы әлі тарқамапты: «Сендермен оңашада кездестірмесін деп тілеңдер. Кездессек бәріңді атып тастаймын. Аямаймын! Айтпады демеңдер! Менімен ойнапсыңдар, журналюгалар» деп зілмен айқай салды. Оның аузына құдай сөз салды ма, кім білсін? Дәл осы офицермен бүгін түнде, қиын сәтте қайта кездесетінімізді білген жоқпыз.
/Жалғасы бар/

Serik Zhanbolat  facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста