Тоқаев латын әліпбиіне көшуді неге шегерді?

Тоқаев латын әліпбиіне көшуді неге шегерді?

Осыдан біраз уақыт бұрын бір жақын туысқаным баласын «орыс мектебіне ауыстырсам» деп отырғанын естідім.
-Неге? Не болды?
-Орыс мектептері кириллицада қалады екен. Яғни, қалыптасқан білім беру дәстүрі бар. Оқулықтары түгел. Ал, қазақ мектептері түгелдей латын қарпіне көшетін болса, оқытушылардың өздері меңгергенше қанша уақыт? Латын қарпін де жөнге келтіре алмай жатыр. Оқулықтары қашан дайын болады? Білім жүйесі қалыптасқанша қанша күтеміз? Балам дүбәра болып қалады ғой,-дейді.
-Орыс мектебін оқыған баланың мінез-құлқы басқа болып кететінін, дікің-дікің етіп жұлқынып тұратынын білесің ғой. Ол ертең ата-анасына мойын бұруы екіталай. Ол сенің қазақша тәрбиеңе көнбейтін болады,- дедім.
-Бола берсін, қайта ешкімге есесін жібермейді.
-Саған да жол бермейді ол,-дедім.
Латын қарпіне көшеміз дегелі жас отбасылардың көбінен естіп жүрген әңгімеміз осы. Сонда бір нәрсені түсіндік: онсыз да үш жүзге, 40 руға, салафиттер мен ханафиттерге, батысшылдар мен шығысшылдарға, орыс тілді мен қазақ тілдіге бөлініп, екіге жарылып отырған ұлтымыздың, енді латыншылдар мен кириллицашылдарға бөлініп кетейін деп тұрғанын ұқтық. Онсыз да аз қазақтың басын біріктіре алмай отырғанда, жазба қаріпінің өзі тағы бір бөлінудің факторына айналып кетейін деп отыр. Сол латын қарпін енгіземіз деп алқын-жұлқын кірісіп, қаріптен-қаріп таңдап жатқан кезде де бұл каупімізді ашық жазғанбыз. «Латын қарпіне көшеміз, орыс тілді кластар кириллицада қалады» деген әңгіме шыққалы аралас мектептегі орыс тілді сыныптар саны күрт өсіп кеткенін қалай жоққа шығарамыз? Ресейдің ықпалын азайтамыз деп тездетіп латынға көшіп кеткен көрші туыс елдердің де тәжірибесін ескерген жоқпыз. Олар моноұлтты болса да, ұлттық идеологиясы күшті болса да, әлі күнге дейін қаріп ауыстырудың қиындығынан құтыла алмай отыр. Бұл Назарбаевтың кезінде ішкі саясатқа, ұлттық идеологияға назар аудармағанының бір белгісі. Ресейге қыр көрсеткісі келді ме, алыстағы Сэм ағайға ым қаққаны ма, әлде латынға көшудің авторы болып қалғысы келді ме, білмедік, әйтеуір аз уақыттың ішінде латыншыл боп ұрандап шыға келдік. Ол, рас, мемлекеттің бір әліпбиді таңдап алуы – үлкен саясат. Кириллица алфавиті де о баста славян халықтарына христиан дінінің православие тармағын тарату үшін Византия императорының жарлығымен жасалған. Иә, кәдімгідей славян халықтарының дыбыс ерекшелігіне құрылған. Кирилл мен Мефодий деген екі діндар латын қаріптерінің негізінде жасап шыққан соң «Кириллица» деп аталады. Бұл әліпбиді I Петр патшадан бастап мұрагерлері түгелдей түрік және басқа да шығыс халықтарын отарлаудың құралына айналдырғаны да шындық. Кеңес империясы да сол отарлау саясатын жалғастырды. Арабтың төте жазу әліпбиін қолданып келген қазақ және басқа түрік халықтары 1926 жылы латын әліпбиіне көшірілді. Одан кейін 1940 жылдары кириллицаға көшуге мәжбүр болды. Бұл тарихи сананы қидалап кесудің, түрік бірлігін болдырмаудың амалы еді. Отарлық, құлдық санадан толық құтылу үшін ерте ме, кеш пе, біздің латын әліпбиіне көшкеніміз дұрыс, әрине. Мен өзім де оны қолдаймын. Оның үстіне бүкіл әлемдегі ғылым мен білім, жаңа технологияның дені латын әліпбиімен жазылып, жасалып жатыр. Бірақ, біздің балабақша тәрбиесін тек қазақ тілінде жүргізуге көшіп алмайынша, ұлттық идеологияны мемлекеттік деңгейде қалыптастырып алмайынша, іс жүргізуді толықтай қазақ тіліне көшіріп алмайынша, ол үшін мемлекеттік тілге сатылап көшудің 10 жылдық бағдарламасын жасап алмайынша, латын алфавитіне көшуден ұтарымыз қайсы? Тек ұтыламыз. Орыс тілді бауырларымызды сыртқа тебу өз алдына, қай әліпбиді таңдарын білмей әре-сәре күйде отырған жастарды солардың қатарына қосу болып шыға келеді. Оның үстіне тіл мәселесі әлемдік саясаттағы қолшоқпардың біріне айналып кетті. Саяси құралға айналды. Украинаның жағдайы да бізді ойландыруы тиіс. Гитлердің 1938 жылы Чехословакияның Судет облысын тартып алудан басталған саясат бұл. Украиндар о баста украин тіліне күштеп көшіреміз деп шығысындағы біраз бауырларын өзіне қарсы қойып алғаны шындық. Сондықтан да Республика Президенті Тоқаевтың латын әліпбиіне көшуді кейінге шегергені дұрыс болды деп есептеймін. «Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды» деді Президент. Дәл осының «тағдыршешті» мәселе екеніне дау жоқ.

Serik Zhanbolat facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста