9 ҚАЗАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОШТА КҮНІ
9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні. «Біріккен ұлттар Ұйымы» жүйесінде атап өтілетін халықаралық мерекені Шымкенттік пошташылар да атап өтті. Пошта филиалының алдында қаламызда шығатын газеттер мен басылыдар өз өнімдерін жарнамалап, халыққа тегін таратты.
Бас пошта одағының негізі 1874 жылы қаланған. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына 1992 жылдың 27 тамызында «Бүкіләлемдік пошта одағына» мүше болып кірді. Содан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп, газет-журналдар мен хаттардың уақтылы жетуіне атсалысып келеді. Шымкенттегі орталық мекеме алдына жиналған басылым өкілдері өздерінің өнімдерін жарнамалап, тіпті кейбір газет-журналдарын тегін таратты. Биылғы мерекеде елдегі жағдайға байланысты дабырлап әуен қойылған жоқ. Карантин талаптарына сай өткен жиынға келген жұрт сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап жатты.
Әбдіхалық Үкібаев - «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакция меңгерушісі