ӘЛЕМ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН МАХМУД САБЫРХАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ӘЛЕМ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН МАХМУД САБЫРХАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Небәрі 20 жасында әлемнің шыңын бағындырған Махмуд Сабырхан жастармен кездесті. Дүбірлі додадан кейін бір апталық демалыста жүрген былғары қолғап шебері қатарластарымен ешқандай сырын бүкпестен әңгіме дүкен құрды. Өзінің өмірбаяны мен алдағы жоспарлары туралы айтқан Махмуд үзеңгілестеріне үлкен мотивация болды.

 

Белградта өткен әлемдік додада 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмуд Сабырхан финалда жапониялық Томоя Цубойға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Құттықтау сәтінде эмоцияға ерік берген қазақ жігітінің ендігі мақсаты, жапондыққа кеткен есесін қайтарып, олимпиада шыңын бағындыру екен.

 

Махмуд Сабырхан – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 

Өз қатарластарымен кездесуде ашылып әңгіме дүкен құрған Махмуд өзінің 12 жастан бастан боксқа келгенін айтады. Әлемнің шыңын бағындырған былғары қолғап шеберінің әкесі де спорттан алыс емес екен. Егер, боксқа бармағанымда әкемнің ізін басып күреске қарай  бет бұратын едім, дейді жас спортшы. Өзінің еңбекқорлығымен көпке үлгі болған қаршадай ғана қазақ баласы жастарға мотивация болды.

 

 Ерсұлтан Байжігіт – студент

 

Небәрі 20 жасында ел намысын қорғап, көк туымызды көкке көтерген қазақ жігітінің алдағы армандары асқақ. Сол арманға жету үшін мақсат қойған Махмуд бір апталық үзілістен кейін қызу жаттығуға қайта кірісемін, дейді. Жас спортшы олимпиада шыңына шықпайынша тоқтамаймынын жеткізді. 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста