АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ КӘСІПОДАҚТАН ЖОЛДАМА АЛДЫ

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ КӘСІПОДАҚТАН ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымшаһарда «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Shymkent BUS» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен салтанатты шара ұйымдастырылды.

 

«Shymkent BUS» ЖШС-нде өткен мерекелік кеш Көлік қызметкерлері күні, Конституция күні, компанияның құрылғанына 2 жыл толуына орайластырылды. Онда кәсіподақ мүшелеріне, жүргізушілер мен жұмысшыларға санаторийге жолдамалар, Алғыс хат пен Құрмет грамоталары табысталды.

 

 

Марапаттарды "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және бастауыш кәсіподақ төрайымы Қарлығаш Қолдасбекова, мекеме директоры Азат Қайыпбеков табыстады. Айта кетейік, компания құрылғанына биыл 2 жыл толып отыр. Ал, бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылғанына 1,5 жыл толды.

 

Бауыржан Әлтеев -"Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

 

Бүгінгі таңда «Shymkent Bus» ЖШС-інде 1000-нан астам жұмысшы жұмыс істейді. Оның 700-і кәсіподақ мүшесі. Солардың бірі Қуаныш Дәулетбаев.  Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 11 жылдан асыпты. Көпбалалы әке мерекеде мерейі тасығанын айтады.

 

Қуаныш Дәулетбаев – Шымкент қаласының тұрғыны

 

Бұл күні Санаторийге жолдамалар 21 жұмыскерге 100 пайыздық жеңілдікпен берілді. Сондай-ақ, 25 жұмыскерге Құрмет грамотасы мен қаржылай сыйақы табысталды. Ата-анасы өмірден озған 4 жұмысшыға, жаңа отбасы құрған 2 азаматқа, 1 мерейтой иесіне 50 мың теңгеден бастауыш кәсіподақ қаржысы есебінен материалдық көмек берілді. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

 

 

 

shymkenttv.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста