МЕКТЕПКЕ САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫҢ АТЫ БЕРІЛДІ

МЕКТЕПКЕ САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫҢ АТЫ БЕРІЛДІ

Шымкенттегі №72 орта білім беретін мектепке Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың аты берілді.

 

Енді білім ұясы алғашқы армия генералының атымен аталады.

 

Сондай-ақ, мектептің алдына батырға арналған тақтайша орнатылды.

 

 

Осы орайда ұйымдастырылған салтанатты шараға еліміздің қарулы күштер саласында еңбек еткен Ерлер мен зиялы қауым өкілдері жиналды.

 

 

Салтанатты жиын батырды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Соғыс, әскер тарихын зерттеген жан Сағадат Нұрмағамбетов есімін айналып өте алмасы анық. 19 жасында Кеңес одағының батыры атағына ие болған, кейін бар ғұмырын Тәуелсіз елдің әскерін жасақтауға арнаған тұлға. Ер есімі ұлықталып, мектепке аты берілгені – бәріміз үшін қуаныш дейді, - қарулы күштер саласының ардагері Серікбай Оңбаев.

 

Серікбай Оңбаев - ҚР Қарулы күштері ардагерлері кеңесінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы

 

Шараға жиналған қонақтар Сағадат Қожахметұлының соғыс жылдары мен Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштер тарихында атқарған еңбектері мен ерліктерін оқу ошағының оқушыларына мақтанышпен жеткізді. Мұндағылар да ендігі жүктелер жауапкершілік жоғары екендігін сезініп үлгерген. 3 мыңнан астам оқушы білім алатын  мектеп ұжымы батыр атына кір келтірмеуге сенім білдірді.

 

Бегмат Усманов – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 орта білім беретін мектеп директоры

 

Тұлғаталпын Кенже – мектеп оқушысы

 

Білім ұясына батыр атының берілуі оқушылардың да жүрегіне қажымас рух берері сөзсіз, - дейді шараға жиналған әскерилер де. Сондай-ақ, мектеп алдынан Халық қаһарманына арналған арнайы тақтайшаның салтанатты ашылу  рәсімі болды.

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста