МҰҒАЛІМДЕР МЕН ТӘРБИЕШІЛЕР «ЮСТАДИ» ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕСТ ТАПСЫРУДА
Елімізде жылдан-жылға білім саласына бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Тиісінше, бүгінде сала қызметкерлеріне қойылып отырған талаптар қатаң. Қазір мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері өз біліктіліктерін дәлелдей отырып, жалақыларын арттыра алады.
<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/uEIn9AoVrAs" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Шымкенттік ұстаздар мен тәрбиешілер біліктілік тесттерін UStudy.kz онлайн тестілеу орталығында тапсыруда. Осыдан екі жыл бұрын ашылған бұл орталық заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда тестіленуші «бір компьютер – бір камера" принципі бойынша электрондық форматта сынақ тапсырады. Алдымен сынақ тапсырушы адамның бет-әлпетін танитын құрылғы арқылы өтіп, «ақылды жүйенің» таңдап берген орнына отырады. 3 сағат ішінде тиісті сұрақтарға жауап беріп, жинаған ұпайын көре алады. Мәліметтер базада бір жыл бойы сақталады. Орталық өкілдері сынақтың ашық, заң талаптарына сай өтуі жан-жақты қадағаланады дейді.
Олжас Жүнісов орталық директоры: «Әуелде орталық ашылғанда қала бойынша небәрі 2 нүкте болатын, қазір орталықтардың саны 6-ға жетіп отыр. Бұл өз кезегінде тестіленушілер үшін өте ыңғайлы. Қазір орталықта 250 компьютер бар.Бір уақытта осыншама адамды қамти аламыз. Мұнда алдын-ала тестілеуден өтуге де болады. Бірнеше рет сынақ алды тестілеуден өткендер жақсы нәтиже көрсетіп жатады.»