СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ
Биыл семей ядролық полигонының жабылғанына - 30 жыл толды. Қазақстан тарихында халыққа қасірет шектірген полигонның жабылуы елдегі ең маңызды оқиғалардың бірі.
Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің өкілдері күн санап қатары кеміген қаруаластарын еске алуға Шымкенттегі ерлік мұражайында бас біріктірді.
Иә бұл қорқынышты көрініс, қазақ даласына қайғы мен қасірет шектірген - жалын. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26 дүмпу орын алды. Бүгінде сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтар «Ұлы Отан» соғысы ардагерлеріне теңестілірген. Бұл жолы Ерлік мұражайының ішінен Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің бұрышы ашылды.
Серікбай Онбаев – ҚР қарулы күштерінің Шымкент қаласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сынаққа қатысып сол кезде тәжірибені өз көзімен көрген бауырларымыз өздерінің жәдігерлерін алып келді. ИМузей ұжымына рахмет.
Өңірімізде Семей қоғамдық бірлестігі 2005-ші жылы құрылған. Ол кезде бірлестіктің 7500 ден астам мүшесі болатын. Қазір зардап жеккендердің жартысынан астамы бақилық болған. Шымкенттің өзінде 850 дей ғана қасірет куәгерлері бар. Бірлестік мүшелері бірлесіп ғана көңілдегі жүкті жеңілдете аламыз дейді.
Жүсіпәлі Қырғызбаев–Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің мүшесі
Бәрі ұжым болып жұмыс істеп жатыр. Бүгін қуанышты сәт. Біріншіден қала әкімдігіне әскери комиссариатқа рахмет. Бізге ардагерлер музейінен орын беріп отыр.
Жиын барысында естелік тілектер айтылды. Бірлестіктің атқарып жатқан шаруалары баяндалды. Семей полигонында қызмететкендерге мемлекеттен берілетін көмектің тиімділігі сөз болды. Ішкі ағзасын зиянды сәуле шалғандарға жылына бір рет сауықтыру орталықтарына тегін жолдама беріледі.