ЖАС АҚЫННЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
«Айға сыр». Жүрек сырын жырларымен жеткізіп, жанына дауа тапқан жас ақын Гүлсара Расулқызының алғашқы жыр жинағы осылай аталды. Шым қаламыздағы Абай кітапханасында тұсауы кесілген кешке жас ақынның оқырмандары қатысып, аға буын өкілдер ақ батасын берді.
Айға сырын ақтарған ақын қыздың туындылары өмірді сүюге, махаббатты аялауға шақырады. Оның нәзік жүрегінен шыққан жырлары әуелі әлеуметтік желі арқылы өз оқырманын тауыпты. Гүлсараның туындылары шынайылығымен, әдемі әлемімен қаламгерлердің де назарынан тыс қалмапты.
Абдулмахмут Пошатаев – ақын, «Көкбөрі» ақындар бірлестігінің төрағасы
Гүлсара арбаға таңылса да, еш мойыған емес. Қиялы ұшқыр, жаны өте нәзік қыздың қысқа әңгімелерінде өмірдің шындығы жатыр. Мен өз «әлемімнен» күш-қуат аламын, - дейді ол.
Гүлсара Расулқызы – жас ақын.
«Көк бөрі» ақындар бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен кездесу өнегеге толы болды. Тағдырдың жазуымен ауыр дертке шалдыққан Гүлсараның өмірі қиындықтарға толы болса да, мұңайған емес. Себебі оның серігі –қаламы болды.
Расулжан Исаев – Гүлсараның әкесі
Көпке берері мол кеш - әлі де жалғасын таппақ. Өйткені іздеуші оқырманы бар.
Фатима Жүнісова – Республикалық «Әйел құпиясы», «Әйел денсаулығы» газеттерінің бас редакторы.