Жаңа Қазақстан – егемен елдің белгісі

Жаңа Қазақстан – егемен елдің белгісі

Мемлекет басшысы бұл жолғы жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан халқы бүгінде әр салада жүргізілетін қайта құруларды зор үмітпен күтіп отырғаны мәлім. Әлбетте, бұл реформаларды елдегі дағдарысты еңсерудегі жаңа мүмкіндіктер деп қабылдау керек.

Президент елді дағдарыстан алып шығу үшін саяси жаңғыру қажеттілігіне тоқталып, саяси реформалардың топтамаларын ұсынды. Барлық салаларда модернизация жүргізу керектігі айтылды. Өйткені қаңтар оқиғасы елдегі тоқыраудың салдары екені, ал бұл тоқыраудан шығу үшін түбегейлі өзгерістер қажет. Сонымен қатар саясаттағы, экономикадағы жасанды монополияларды жою қажеттігін айтты. Елімізде күшті парламенті бар президенттік республика орнатуға тоқталды. Осы негізде Сенат палатасына квотаны 15-тен 10-ға азайтуды, Сенат жоғары палата ретінде елдің аймақтық мүдделеріне жұмыс жасау керектігін ескертті. Сондай-ақ Мәжілістің заң қабылдау құзыреттілігін кеңейту, мемлекеттік бюджетті қадағалау үшін Есеп палатасын құру  Мәжілістің мәртебесін көтеретінін, мәслихаттарды күшейту керектігіне де тоқталды.

Сайлау жүйесінде аралас сайлау түріне көшу (пропорционалды-мажоритарлық) әділ және азаматтардың сайлауға қызығушылығын арттырады деп көрсетті. Сайлауда дауыс беру тәсілдерін әлемдік тәжірибеге сүйеніп енгізу керектігін баса айтты.

Президент құқық механизмдерін күшейтуге назар аударып, Конституциялық сот құруды ұсынды. «Бұл өз кезегінде әділ құқықтық мемлекет құру жолының көрсеткіші», – деді.

Сонымен қатар БАҚ бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еркін болу керек, ашық кеңістік құру қажеттілігін, сол себепті БАҚ заңдарын қайта қарастыруда мемлекеттік мүддені еске алу керектігін ескертті.

Мемлекет басшысы дала демократиясын жаңартып, Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Ол билік пен халық арасындағы дәнекерлікке айналу керек деді. Сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды айтты. Алматы облысының орталығы ретінде Қапшағай қаласын, өз кезегінде облыс тұрғындарына Қапшағай қаласын Д.Қонаевтың есімін беруге ұсыныс білдіруге шақырды.

Президент геосаясатқа да тоқталып, бүгінде геосаяси жағдайдың нашарлауы экономикаға кері әсерін беріп жатқанын да ашып көрсетті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бүгінгі бақытты, болашағы кемел болуына бар күшін жұмсайтынын айта келіп, халықты жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

 

Күлжан Жаңатаева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

шығыстану факультеті

ТҮРКСОЙ кафедрасы меңгерушісінің

оқу-әдістемелік және

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста