Жаңа Қазақстанды Президентпен бірге құрайық!

Жаңа Қазақстанды Президентпен бірге құрайық!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен күндер мен келешек туралы ойын сабақтады: «Тәуелсіздігіміз үшін 30 жыл аз емес, біз осы жылдарда Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығында көптеген жетістікке қол жеткіздік, алайда береке-бірлік болмаса, бар жетістігіміздің желге ұшатынын өз көзімізбен көрдік. Кешегі қаңтар оқиғасы соның жанды куәсі болды. Күні кеше құқық қорғау орындарымен кең ауқымды тыңдау мәжілісін өткізіп, халықтың көкейінде жүрген көп сұраққа жауап бердік», – деп кіріспе сөзін аяқтаған Президент опасыз шенеуніктер мен қарулы қарақшылар көшеге шыққан жай халықты пайдаланып, өз арам ойларын іске асыруға ұрынғанын жасырмады. Елге төнген ішкі-сыртқы жаудың бірігуі, олардың билікті басып алуға жанын салғанын да ашына айтты. Алайда ел басына күн туған сәтте батыл шаралар қабылдап, ел тұтастығын сақтап қалғанын жеткізді. «Біз жардың шетіне барып қайттық. Бір қадам қате басқанда елдігімізге қатер төнер еді. Бізде сол кезде қатаң әрі шұғыл шара қабылдаудан басқа амал қалған жоқ, бұл менің президенттік әрі перзенттік міндетім», – деген ел басшысы қасиетті тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін және барша қазақстандықтардың соған қызмет етуі парыз екенін атап көрсетті. Жолдаудың негізгі мазмұнында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін жаңарту туралы кешенді жобаны қабылдағанын айтты. Бұл барлық қоғам асыға күткен жоба болды.Құр науқан үшін реформа жасамау, тек қағаз бетінде жүзеге асқан, шын өмірде ізі де жоқ жалған көпірме сөз емес. Нақтылы қолға ұстайтын жұмыстар арқылы елдің жағдайын жақсартуды көздеген ел басшысы жобаларды ортаға қойып халқын қуантты: «Күшті президент, беделді парламент құруға күш салу. Өкілетті билік тармағын күшейту. Президенттің құзыретін азайтып, Сенат пен Парламент құзыретін күшейту. Әкімдерді сайлауға реформа жасау. Сайлау жүйесін жетілдіру. Депутат сайлау алдында берген уәдесін орындамаған жағдайда Парламенттен кері қайтару. Сайлау үдерісін жаңғырту». Міне, бұл өзгерістер азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, саяси жүйені жаңғыртуға өз серпінін тигізеді. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өз ойы, журналистердің тәуелсіз сарапшы болуын атап өтті. Жергілікті қоғамдық кеңестер құрамын түбегейлі жаңарту. Ұлттық кеңестің орнына одан да ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Бұл сан түрлі саланы толық қамтыған ұйым болып, халық пен билік арасындағы көпір қызметін атқаратыны сөзсіз. Бұл жолғы жолдауда ортаға қойылған кешенді саяси жоба еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік құрылымын өзгертуге бағытталды. Бұл үшін 30 заң жобасын өзгертіп, жаңа 20 заң қабылдайды. Ел басшысы бұл шаруалардың бірден бола қоймайтынын, жылдар бойы жаңа Қазақстанды бірге құруға халықты шақырды. «Елімнің ертең емес, бүгін бақытты болуы маңызды, бабалар аманатына адал болып, жаңа Қазақстанды бірге құрайық», – деп сөзін аяқтады. Елді ертеңіне сендіріп, болашаққа нық қадам жасауға серпін берген жолдау болды.

 

Нұрхалық АБДЫРАҚЫН,

Қытайтану кафедрасының

доценті, PhD доктор

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста