"1 желтоқсаннан бастап салық салынады": Қазақстандықтар мобильді аударымға қатысты дүрлігіп жатыр

"1 желтоқсаннан бастап салық салынады": Қазақстандықтар мобильді аударымға қатысты дүрлігіп жатыр

1 желтоқсаннан бастап мобильді аударымдарға салық салынады деген ақпарат желідегілерді дүрліктіріп жатыр. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарап, жұрт дүрлігіп жатыр. Халық есепшоттағы қаражатын қолма қол ақшаға ауыстырып әлек. Оқиғаны құзырлы органдар түсіндірді, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Мобильді аударымдарға қатысты заң жобасы мақұлданғалы жұрт дүрлігіп жатыр. Банкомат жағалап, ақшаны қолма-қол алып, әлекке түсуде. Такси жүргізушілері, дүкен иелері мен сұлулық салондарының қызметкерлері   қазірден бастап онлайн төлем қабылдамай, қолма-қол ақша талап етуге көшкен.

 
Халық мобильді төлемге қатысты салық енгізудің қажеті жоқ деп санайды.     Аударымға қатысты жаңалық естігелі, қолма қол ақша іздеп маза кетті дейді олар.

“Менің достарым да, туған туыстарым да салық болғанына қарсы. Және аударым жасау мүмкіндігін осылай қалдырғанын қалаймыз”, “Бұл мүлдем тиімсіз. Өйткені біраз уақыттан бері аударымдарға үйреніп қалдық. Салықды қандай жағдай болмасын салайын деп отыр”, “Керемет мүмкіндік еді аударым жасау. Қазір бұл мүмкіндікті шектегелі отыр”, – дейді халық. 

Қаржы министрлігі жаппай дүрлігуге  негіз жоқ дейді.  Бұл тек көлеңкелі кәсіпті айқындауға негізделген бастама екенін айтады. Егер бір тұлғаға күніне қайта-қайта ақша түссе, оны мамандар бірнеше ай бақылауға алады. Онлайн ақша түсімі бірнеше ай бойы жалғасса, онда тиісті органдар есепшоттың иесін тексеріп, шара қолданбақшы. Яғни, оған салық салынады. Бірақ жеке адамдар арасындағы онлайн аударымдарға бұл өзгерістің  қатысы жоқ дейді. 

“Келесі жылдан бастап мобильді төлем деген ұғым болады. Сол төлемдер салық органдары үшін ол банктерден бізге ақпарат түсіп тұрады. Ал, мобильді аударым ол жеке тұлғалар бір-бірінің арасында төлемдері бойынша бізге ақпарат келмейді”, – дейді қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.

Сарапшылардың саралауынша, аталмыш салық заңнамасын 1-2 жыл кейінге қалдырған жөн. Себебі, аяқ асты ешбір түсініктемесіз тәжірибеге енгізу ел ішінде дау тудырады дейді. 

“Азаматтардың, кәсіпкерлердің салықты әрбір түскен табысынан төлеуге міндеттеу үшін жасалған екенін атап өткім келеді. Мұны енгізуге әлі асықпау керек. +Бірінші кезекте осы процессті түсіндіру керек еді әбден”, – дейді экономист Мақсат Халық. 

Айта кетейік, заң қабылданған жоқ.  Сондықтан мамандар жұрттан даурықпауды сұрайды.   

Еске салсақ, осыған дейін қаржы министрлігі қазақстандықтардың қолма-қол төлем жасауға қатысты үндеулеріне пікір білдірген болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста