11 баланы асырап алған Астана тұрғыны олардың биологиялық аналарын тапты

11 баланы асырап алған Астана тұрғыны олардың биологиялық аналарын тапты

Астана тұрғыны Жанар Байжулдинова балалар үйінен 11 бала асырап алғаннан кейін олардың биологиялық аналарын іздеуге кірісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Жанар Байжулдинова екі қызының туған аналарын тапқанымен, қыздар оларды анасы ретінде мойындаудан бас тартқан. Бірнеше күн бұрын Жанар тағы үш баланың анасын - 35 жастағы Баян Короткованы тапты. Келіншек онымен біраз уақыт әңгімелескеннен кейін өз үйіне тұрғызуға бел буған.

«Мен оның балаларына жанұшырып жүгіргенін көргенімде, оның аналық сүйіспеншілігі өшпегенін түсіндім. Ең бастысы балалар енді расымен бақытты», - дейді Жанар.

Баянның өзі де балалар үйінен екен. Өмірі қиындыққа толы ана ішкілікке салынған күйеуінен көп жәбір көрген. Жұмыс таба алмай сабылған әйелді 2008 жылы аналық құқығынан айырған.

"Өз балаларымды көремін деген үмітпен бірнеше рет балалар үйіне келдім, бірақ басшылық түрлі сылтаулар айтты. Біресе ауырып жатыр, біресе сабақта деп жүздесуге мүмкіндік бермеді. Содан бері балаларымды көрген емеспін", - дейді Баян.

Балаларды анасынан әкеткен күні үлкені - Римма үш жаста, ұлы бір жарым жаста, ал кішісі екі айда болған. Дегенмен талай жылдар өткеннің өзінде Баян балаларын бірден таныған.

"Ана жүрегін алдай алмайсың. Мен бұл болған жайттарға әлі күнге дейін сене алар емеспін. Түс көріп жатқандаймын", - дейді Баян.

Ал Жанар болса, әр асырап алған баласы өз түптамырын, өткенін білуге құқығы бар деп санайды.

"Менің әр балам өз өткенін, отбасы тарихын білуі тиіс деп шештім. Әрине бәрін табу мүмкін емес, дегенмен қан араласпауы үшін тым құрымағанда ең жақын туыстарын білуі керек", - дейді ол.

Жанар Баянның нөмірін тапқанда оған бірден қоңырау шалуға батылы жетпегенін жасырмайды. Бірақ ақыры хабарласып, кездескен екен.

"Біз кешке келдік. Мәриям екеуіміз көлікте күтіп отырсақ, егістіктен әйел бізге қарай жүгіріп келе жатыр екен. Оның Баян екенін бірден түсіндім. Ол салонға кіріп, жылап отырды, қызын құшақтауға тырысқанымен, Мәриям оны жақын тарта қоймады. Кейін бәрі сабырға келіп, балаларымен келесі жүздесу күнін белгіледік", - дейді Баян.

Жанар үйіне жеткенде бағы жанбаған әйелді қамқорлығына алуды жөн санайды.

"Ол хабарласып, балаларымен бірге тұруды ұсынды. Мен ойланбастан келістім. Келесі күні ертесімен затымды жинап, уақыт өткізе алмай сабылдым. Тіпті алты сотық жерді қазбалап үлгердім. Ол райынан қайтып қала ма деп қатты қорықтым", - дейді Баян.

Бастапқыда балалар туған анасына күдікпен қарап жүрген. Бірақ кейін Жанардан оларды ешкім алып кетпейтінін түсініп, Баянды да өз ортасына қабылдаған.

"Баян жалғыз келмеді. Қолында екі жасар ұлы бар. Тағы бір балаға аяғы ауыр. Енді олар үшін де жауаптымын. Ел президентінің қабылдауында болғанымда, ол біздің отбасымызға үлкенірек үй керектігін айтты. Шенеуніктер Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасын орындап, біз үлкен үйге көшеміз деген үміттемін", - дейді Жанар.

Балалар мейірімді Баянға бауыр басып үлгерген.

"Олар айтқанымды тыңдайды, себебі мен олармен сыпайы сөйлесемін. Бәрінен бұрын балаларымды қойныма алып жатқан ұнайды. Мен оларға өткенді баяндасам, олар маған ертегілер айтып береді. Дәл менің өмірімдегідей, соңы қуанышпен аяқталатын ертегілер", - дейді Баян.

Гульмира Матхалықованың материалынан аударылған.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста