13 жылда 123 млрд теңге жұмсалған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы өзгере ме?

13 жылда 123 млрд теңге жұмсалған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы өзгере ме?

Депутаттар "Дипломмен ауылға" бағдарламасына жаңа серпін қажет екенін айтты.

Соңғы 5 жылда Парламенттің 35 депутаты қатысты осы жобаға қатысты түрлі сауал жолдап, нақты мәселе көтерген екен, деп хабарлайды Экспресс К.

 

"Дипломмен ауылға" жобасы 2009 жылы басталды. Сол кезден бері 85 мыңнан астам маман 14 миллиард теңге бір жолғы көтерме ақы алды. Ал 40 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 123,5 миллиард теңге бюджеттік кредит берілді.

 

Дегенмен сенатор Ляззат Сүлейменнің айтуынша, 13 жыл ішінде ауылға аттанған адамдардың саны көп емес.

 

Ауылға барып жатқандардың саны бір қалыпты. Тек соңғы 3 жыл ішінде сәл өсім бар. Мамандар, негізінен, білім мен денсаулық саласына барады. Мәдениет, спорт, әлеумет пен ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс тапқандар саны өте аз, — дейді депутат.

 

 

Ляззат Сүлеймен/parlam.kz

 

Ұлттық экономика министрлігі 2021 жылғы бағдарламаға бөлінген 20 миллиард теңгенің 1,8 миллардын "игерілмеді" деп бюджетке қайтарған. Ал дәл сол кезде Батыс Қазақстан облысы бойынша 757 миллион теңге жетпей қалған.

 

"Осындай ыңғайсыз жағдайға кім кінәлі десең, әкімдік пен министрлік бір-біріне сілтеп отыр. Ауылды қолдауға арналған шағын бағдарламаны толық жүйелеу қиын ба? Ал 13 жылда 123 миллиард теңге бюджеттік кредит алған адамдар туралы ақпарат таппадық. Бұл несие нақты кімге берілді? Олардың қаншасы ауылда тұрақтап қалды? Қазір қандай мамандар қажет? Бақылау жүргізіп, кері байланыс орнату соншылықты қиын ба? Неге бұл ақпарат, тым құрығанда, аудан әкімінің сайтында жарияланбайды? Бұл сұрақтарға ресми жауап жоқ", — деді Ляззат Сүлеймен.

 

Оның айтуынша, бұл жобаны жандандырып, серпін беру үшін Үкімет келесіне қолға алуы қажет.

 

Біріншіден, мамандарды тек ауылдарға емес, моноқалаларға да жіберу керек. Екіншіден, бер рет берілетін 300 мың теңге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйге берілетін 5 миллион теңге бюджеттік несиені көтеру керек. Үшіншіден, бағдарламаға бөлінетін ақша екінші деңгейлі банктер арқылы жүруі керек. Төртіншіден, жобаға 2019 жылдан беру мониторинг жүргізілмеген, осыны қолға алу керек.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста