17 еркек зорлады деген жасөспірім қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

17 еркек зорлады деген жасөспірім қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Түркістан облысы, Сарығаш ауданының тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызын 17 еркек бірнеше күн бойы зорлады деп отыр. Қорлық көрдім деген қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan хабарлайды.

 

Оқиға биыл мамыр айында болған. 11 сынып оқып жүрген қыз 21 мамыр күні үйінен базарға шығып, содан хабарсыз кеткен. Алғашында ата-анасы оны алып қашып кетті деп ойлаған екен. Өздері іздеуге кіріскенімен нәтиже шықпапты. Содан полицейлерден көмек сұраған. Араға төрт күн салып оқушыны полицейлер тауып әкеліпті.

 

Жәбірленуші қыз оқиғаның қалай болғанын бірден анасына айтып берген.

 

Базардан шыққан ол таксиге отырған. Алайда жүргізуші бағытты өзгерткен соң үйіне апаруды өтініпті. Сол сәтте ер азамат су ұсынған екен. Сол суды ішкен соң қыз бірден есін жоғалтқан көрінеді. Айтуынша, есін жиғанда өзеннің жағасында тыр жалаңаш жатқан. Ал әлгі такси жүргізушісі әлдекімдерге телефон соғып, қызды қолдан қолға беріп отырыпты.

 

Жәбірленуші алдымен судың бойында зорланғанын айтты. Кейін бақшадағы жылыжайда, тозығы жеткен қараусыз үйде, көлікте қорлық көрдім деп отыр.

 

Жәбірелінушінің анасы қызын зорлағандар бір ауылдың тұрғындары екенін айтады.

 

"Бәрі бір ауылдың адамдары. Арасында 2003, 1991, 1982, 1981, 1975 жылғылары да бар. Әкесінен де үлкен. Төрт күннен бері аяусыз зорлаған. Жіберуін өтінгенде, қол жұмсаған. Егер біреуге айтатын болсаң, сойып, өлтіріп кетеміз деп әбден қорқытқан. Әлі күнге дейін түнде шошып оянады", — деді жәбірленушінің анасы.

 

Жәбірленуші зорланған күні үстінде болған көйлекті киіп, үйінде асылып өлмек болыпты. Інісі көріп, аман алып қалған екен. Осы оқиғадан кейін анасы қызының көйлегін өртеп жіберіпті.

 

"Өткенді есіне түсіре бермесе екен деген ой болды", — дейді ол.

 

Қызының зорланғанын білген анасы бірден шағым түсірген. Ал зорлады деген күдікке ілінген 17 ер адам қайта-қайта кешірім сұрап келген екен. 8 миллион ақша беріп, қызды оқытамыз деп уәде беріпті.

 

Мұсылманшылыққа салынып, кешірім бердік. Ол ақшаны қыздың еміне жұмсадық. Психологтармен жұмыс істеді. Қызды оқытамыз дегенге сеніп кешірім берген едік. Бірақ уәделерінде тұрмады, — деді жәбіренушінің анасы.

 

Сарыағаш тұрғыны полицияға қайта арыз жазғанын айтады. Содан бері бірнеше ай өтіпті. Айтуынша, полицейлер әу баста-ақ істі жылы жауып қойғысы келіпті. Тіпті "ақшаны алдың, енді үнсіз отыр" деген де көрінеді.

 

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелгенін айтты. Бірден тиісті сараптамалар тағайындалған.

 

"Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ жәбірленушінің анасы қызының киімдерін өртеу арқылы жойып жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар экспертиза жүргізе алмады. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексерумен Түркістан облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысуда. Сараптамалар кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", — деді Полиция департаментіндегілер.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста