40 немеренің ата-әжесі екінші рет үйленді (фото)

40 немеренің ата-әжесі екінші рет үйленді (фото)

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Алтын той», «Күміс той» иелері мен жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі тапсырылды.

Жүздері бал-бұл жанған жастар, жанарынан мейірім шуағы төгілген ата-әжелердің басын біріктірген кездесу Халықарылық отбасы күніне орай ұйымдастырылған.

«Алтын той» иелері Амангелді және Анар Нәбиевтер 50 жыл бұрын алғаш неке қиған кезіндегідей толқып тұр. 50 жылдан астам бір шаңырақ астында тұрып, өмір өткелдерінен қол ұстасып өтіп келе жатқан Нәбиевтер неке жүзіктерімен алмасып, тағы жарты ғасыр бір-біріне адал болуға уәде етті. Қиындықта да, қуанышта да бірге болған қазыналы қарттар осы күндеріне тәубе етеді.

Амангелді және Анар Нәбиевтер, Алтын той иелері: «Біз бақытты отбасымыз деп айта аламыз. Өйткені 40 немере, 16 шөбереміз бар, тағы екі шөбереміз жылдың аяғында өмірге келеді. 4 баламызды оқыттық, барлығы жақсы жұмыста істейді. Екеуміздің сыйластығымызға ел қызығады».

Ширек ғасыр отауласып, тағы бір неке куәліктерін қолдарына алған күміс той иелері — Ғабит Ташенов пен Гүлжан Малдыбекованың қуанышын жүздерінен байқауға болады. Үлгілі әке, өнегелі ана атанып отырған той иелері өмір бақи бақытты, ең бастысы, бірге ғұмыр кешудің құпиясын жақсы біледі.

Ғәбит Тәшенов, Гүлжан Малдыбекова, Күміс той иелері: «25 жыл бұрын ғана осындай күйде болған едік, керемет әсерде тұрмыз. Көзді ашып жұмғанша ширек ғасыр өтіпті. Бақытты ғұмыр кешу үшін, әйелдер, яғни, қыз-келіншектерге сабырлы болу керек. Екінші жартысының көңіл-күйі, үй жұмыстарының басым бөлігі соларға жүктеледі».

Неке қию кезегі жас отау иелеріне келді. Алғаш рет адалдықтың, шексіз өмірдің белгісі саналатын неке сақиналарын тағып, бірі әке, бірі ана атанатын өмірге қадам басқан жастардың қобалжуы еке есе. Жас жұбайларға аға буын өкілдері біздің жолымызды берсін деп, ақ батасын берді.

Қуандық Зеноллаев, Жәмиля Ілияс, жас отау иелері: «Жаңа өмірге қадам бастық. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Әрине, дәл бүгінгідей аға буын өкілдерінен бата алып жолымыз болды. Осы кісілердің жолын бере берсін».

Той иелерін арналған сыйлықтар мен құттықтаулар көп болды. Қайта айналып келмес күнді жадында сақтау үшін естелікке фотоға түсу де ұмыт қалған жоқ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2018 жылдың 5 айында 2420 неке қию тіркелген. 

otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста