Адам етінен тұшпара жасаған: Қазақстанды дүр сілкіндірген маньяктар
Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында КСРО елдерінде тараған маньяктар мен адам жегіштер туралы әңгіме халықтың үрейін ұшырып, зәре-құтын қашырған. Ал кейде жауыздыққа барған қылмыскерлер мүлде күтпеген адамдар болып шыққан. Мұндай оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпеген еді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазақстан халқына қорқыныш сезім ұялатқан жауыздардың бірі Ұзынағаштан шыққан адам жегіш еді.
Николай Жұмағалиев тек Қазақстан емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей халқын ондаған жылдар бойы қорқытып келген болатын.
Ол алғашқы құрбанын Ұзынағаш-Майбұлақ тас жолында ұстап алып ,тамағын кесіп жіберген. Осылайша, оның қанын сіміріп, денесін бөлшектеп, сөмкесіне салып алған.
"Бір рет ет турағыштан етті өткізіп, тұшпара да жасағанмын. Өзім ғана жедім, ешкімге бөліп бермедім",- деді Жұмағалиев.
1979 жылы ұзынағаштық адам жегіш тағы бес адамды өлтірген. Ал 1980 жылы ол дос қызын өз үйінде бөлшектеп тастапты.
Артынша Николай "шизофрения" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Кейіннен жындыханаға жіберілген азамат көліктен қашып кетіпті. Алайда араға екі жыл салып ол құқық қорғаушыларға өзі берілген екен.
Қазір Николай Жұмағалиев Қазақстандағы психиатриялық ауруханада жатыр. 2014 жылы оның 10-шы құрбаны анықталған.
Халықтың үрейін ұшырған адам жегіштердің қатарында Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершининнен құралған "Санитарлар бандасы" да бар.
Копай сыбайластарымен жындыханаға жұмысқа кіргенде танысқан. 90-жылдардың соңында олар Алматыда адамдарды өлтіріп, артынша олардың еттерін жеген.
Бұл үштіктің құрбандары жеңіл жүрісті қыздар болған. Олар бойжеткендерге есірткі беріп, оларды зорлаған. Артынша денелерін бөлшектеп, жеп отырған. Қылмыскерлер олардың еттерінен тұшпара жасап, қалған қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастап жүріпті.
Бірде адам жегіштердің пәтерінен қашып шыққан қыз полицияға мән-жайды айтып берген. Осылайша, үш қылмыскер ұсталыпты.
Тексеріс нәтижесінде олардың жеті қызды өлтіргені анықталған. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сергей Копай түрмеде ауырып, көз жұмса, қалған екеуі "Қара бүркіт" калониясында жазасын өтеп жатыр.
2009 жылы Ақтөбе облысында "Шалқар төрттігінің" аты шыға бастады. Бұл өңірде бірден үш қыз жоғалып кетіп, артынша олардың төрт азаматтың қолынан қаза тапқаны анықталған.
Олар көл жағасында демалып жатқанда өз таныстарының басын бөтелкемен жарып, артынан тұншықтырып тастапты. Арада аз уақыт өткен соң дәл осы көл жағасында екінші қыздың басын жарып жіберген екен. Ал үшінші бойжеткенді көліктің кілтімен ұрып өлтіріпті.
Екі азамат-Сағдат Қоразбеков пен Жасұлан Мамытов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, тағы екі ағайынды (Ерлан және Нұрлан Мамытов) 23 және 25 жылға түрмеге жабылған.