Адам жанының арашашысы еді...

Адам жанының арашашысы еді...

Алматы Мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты мен инсультпен күрес жөніндегі Қазақстан ұлттық қауымдастығының ұйымдастыруымен көрнекті дәрігер, медицина ғылымының докторы, профессор Орынғалы Әдибаевтың 70 жылдығына арналған «Терапияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Алланың сыйы» атанған дәрігер ара­мыз­­дан өтіп кеткенімен, оның мерейтойы­на ар­налып өткізілген іс-шараға бірге оқы­ған және қызметтес болған достары мен туған-туыстары қатысып, әріптестері про­фес­сордың медицина ғылымына, со­ның ішін­де терапия саласына қосқан ерен ең­бектері мен жетістіктері жайында ес­теліктер айтысты. Сондай-ақ еске алу кон­­фе­рен­ция­сының соңы Ресей мен еліміздің басқа да аймақтарынан келген ға­лым­дар­дың өзек­ті тақырыптар аясын­дағы баян­да­­маларына ұласты.

Орынғалы Әдибаев – медицина та­ри­хын­дағы көрнекті дәрігерлердің бірі. Ол Се­мей қаласындағы медицина институтын бі­тірген соң Харьков қаласында аспи­ран­ту­­рада оқып, алдымен кандидаттық, ке­йін­­нен сол қалада докторлық дис­сер­та­ция­сын қорғаған. Алматыдағы кар­дио­ло­гия институтында көп жыл бөлім мең­ге­ру­шісі болып, ал өмірінің соңына дейін дә­рі­гер­­лер білімін жетілдіру институтының ка­фе­дра меңгерушісі қызметін атқарған. Сондай-ақ еліміздегі Денсаулық сақтау ми­­­нистрлігінің бас кардиологі ретінде осы са­­лада талай нәтижелі істерді атқарған. Жүз­­­ден аса ғылыми жұмыстардың, үш мо­­но­графияның авторы. Алайда еліміздегі жү­рек ауруының үлкен білгірі, талай адам­ның аталмыш аурудан айығуына себеп бол­ған қардиолог өзіне келгенде қау­қар­сыз­­дық танытып, бірнеше рет инфарктан соң жүрек ауруының құрбаны болған. Ар­тын­да баға жетпес еңбектерін қал­дыр­ған профессордың ізбасарлары «ол ең­бек­тер ме­дицина саласы үшін талай жылға азық» дейді.

   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әлихан ЖҮСІПОВ, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының ғылыми-емханалық ісі жөніндегі проректоры, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Орынғалы – көзі тірісінде халқы үшін көп еңбек еткен адам. Тірі бол­ған­да желтоқсан айының басында 70 жас­қа толар еді. Ғалымның туған кү­ніне орай, еске алу ғылыми-тәжірибелік кон­ференциясын ұйымдастырып отыр­мыз. Ол медицина саласындағы талай білікті шәкірттердің қалыптасуына үл­кен үлес қосқан жан. Ол өмірден өт­ке­німен, артында баға жетпес еңбектері қалды. Өкінішке орай, арамыздан ерте кетіп қалды. Егер әлі де тірі болғанда талай медициналық жетістіктердің өмір­ге келуіне мұрындық болар еді. Кар­диология саласының негізін қа­ла­ған, ревматизм, жүрек-қан тамырлары ау­руларының зерттелуіне үлкен үлес қосқан профессордың аты ұмытылмауы тиіс.

Төлеген РАЙЫСОВ, ҰҒА-ның ака­демигі, Семей мемлекеттік медицина уни­вер­ситеті ректорының кеңесшісі:
– Орекеңмен 1970-жылдары Хар­ков қаласындағы медицина инсти­ту­тын­да кездескен едік. Ол кісінің ме­ди­ци­на саласын дамытуға деген құл­шы­ны­сы, еңбекқорлығы студент кезінен-ақ байқалатын. Медициналық кітап­тар­ды күні-түні оқитын. Сол кездің өзін­де-ақ Орекең студенттерге көш­бас­шы тұлға ретінде көрінетін. Білікті де білімді дәрігерлігіне қоса, аза­мат­ты­ғы мен үлкен адамгершілігі де аста­сып жататын. Ол бізге оқып білгенінің ар­қасында кардиолог атанып отырған дә­рігер емес, туа бітті кардиологтай көрінетін. Ғалымның қарсы күрескен ауруының өзін арамыздан алып кеткені үлкен өкініш тудырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста