Әйелдерге қатысты ырымдарды білеміз бе?

Әйелдерге қатысты ырымдарды білеміз бе?

Қазақ ырымында жүкті әйел шашын қимайды. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдайды.

Қыз баланы құрметтейді, қыз – ару, болашақ ана, ұрпақ қыз арқылы өрбиді, «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз жат жұрттық» деп қастерлейді. Қыз қабағында құт бар, қыз қабағы күрең тартса, ел жұтқа шалдығады, қыз қабағы күлімдесе, құт қонады, қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады, қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді, қызды жылатқанның қырсығы арылмайды, қыз – ақ орданың шам-шырағы деп ырымдайды, қыз баланы адамның бақытына балайды.
Қонақ болып барған қызды үйдің төріне отырғызады, себебі қызда қырық көлік бақыт бар, төрде отырса, сол бақыттың жұғыны төрде қалады, қызда қырық қырсық та бар, босағада отырса, сол қырсық үйде қалады. Қызда оттай ыстық мейір бар, төрде отырса, мейір сол үйге бағышталады, қызда мұздай суық ызғар да бар, есік жақта отырса, періштелер сол үйге қонады. Қызда қырық сайтан да бар, есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады деп ырымдайды.
Жаңа түскен жас келін өзінің киім-кешектерін беталды қысқарта бермейді. Бұлай істесе, дүниеге келетін нәресте кем туылады немесе түсікке айналады деп, жаман ырымға жатқызады.
Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттың бәрі алынып тасталады, сандық-қаптардың аузы ашылып қойылады, сонда толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тіленіп тұр деп ырымдайды.
Қазақтың келіндері асық жіліктің асығы бар басындағы толарсақтағы сіңірді мұжымайды. Оны мұжыса, толғағы ауыр болады, қатты қиналады, туған баланың мінезі де қатты, қолы сараң, бермес болады деп ырымдайды. Егер әйелдің толғағы өте қатты болып қиналса, бураның қураған бас сүйегін ақ шүберекке орап, төрге іліп қояды. Мұнысы – жын-шайтан, албастылар турадан қорқып қашсын дегені.
Жаңа босанған әйел үйге кірген итке «шық» демейді. Бұлай істесе, әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп ырымдайды.
Әйелдер ошақтың үш пұтынан асырып отын үрлемейді. Бұлай етсе, күйеуінің көңілі басқаға ауады, басқа әйелге үйленеді деп қорқады.
Жүкті әйел арқаннан аттамайды. Бұлай етсе, іштегі баланың мойнына кіндігі оралады, бала өміріне қауіп төнеді деген сенім бар.
Жүкті әйел түйенің етін жемеуі шарт. Жесе, баланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдайды. Қоянның етін де жемейді. Жесе, туылған баланың ерні қоян жырық болып қалады деп нанады. Құстың да етін жемейді. Жесе, туылған бала есейгенде төбелескіш, ұсақшыл болып кетеді деп ырымдайды. Қасқыр тартқан малдың етін де жемейді. Жесе, туылған бала су ауыз, жұлымыр болады деп сенеді.
Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып-қырып, тақырламайды. Бұлай істесе, қасқаты көбейеді, жауы басына шығады, басынады деп жориды.
Пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәуіп етіп жалбырынса, сүйегі жарылып, бала көтереді деп ырымдайды.
Түнде әйел заты суға бармайды, әйел жаны нәзік әрі қорқақ келеді. Су жануарларын көргенде шошынып қалады. Ауыр аяқ болса, түсік тастайды деп ырымдайды.
Түнде жол үстінен кезіккен әйел еркектің оң жағынан өтпеуі керек. Оң жағынан өтсе, ердің жолы бөгеледі, бақыты шайқалады, қырқсыққа ұрынады деген ырым бар.
Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малмауы керек. Қолын суық суға малса, жаңа туған нәресте су жүрек, тас бауыр юолып ер жетеді деген сенім бар.
Жаңа түскен келіннің бетін ашқанда, беташар айтушы ақын оң қолына ұстаған жеміс ағашына немесе тобылғымен сапталған қамшының сабына қызыл торғын ормала байлап, сонымен ашады. Онысы – келіннің беті айдай жарық болсын, ұрпағы көп, жеміс ағашындай жемісті болсын дегені.
Үш әйелден ажырасқан еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балалрына дәм татқызбайды. Ондай еркекті «қу тақым», «сор маңдай», «үй жұты», жамандығы баламызға көшпесін деп отырады.
Әйелдер басына үнемі салып жүрген шәлісін басқа әйелге бермейді. Шәлі сыйласам жауласып кетеміз, бағым шәлімен бірге көшеді деп нанады. Егер беруге тура келсе, ақ самайлы киелі аналар ғана ұзатылған қызына, ата жақын туысына менің жасымды берсін, деп ырымдап береді, алған әйел де оны көзіндей көріп, қадірлеп ұстайды. Ол шәліні екінші адамға өмірі бермейді.
Қыздарды үйге келген қонақтың алдына талтайтып отырғызбайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа ұшыратады деп ырымдайды.
Жүкті әйелдер шелектегі суды биікке шығарып қоймайды, олай етсе, «су егіз» болады деп ырымдайды.
Пұшпағы қанамаған бедеу әйел қоныс сударып, жат жердің суын ішпесе, екі қабат болып бала көтереді, көңілі өседі, жамандықтан жеңілдейді деген ырым бар.
Жаңа тү келін бір жыл бойы бала көтермесе, нағашы жұртының кішкене баласын әкеліп, қойнына алып жатып, омырауын иіскетсе бала көтереді деп нанады.
Жас келіншек желбегей желпініп, желденіп жүрмеуі керек. Бұлай істесе, шайтан үйір болады. Баласы желікпе, толғағы ауыр болады деп жаман ырымға жатқызады.
Әйел пышақ қайрамайды. Пышақ қайраса, үйде пәле туады, неке бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп санайды. Ал қыз балалар пышақ қайраса, соғыс болады не күйеуге шықпай, үйінде отырып қалады деп ырымдайды.
Әйелдер өзінің құтты мешін үйін «мола, қу мола» деп қарғамауы керек. Бұлай айтса, үй ішінен пәле арылмайды, ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп ырым етеді.
Тойы жасалып, үйінен ұзатылып кетіп бара жатқан қыз артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе, некесі бұзылады. Күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп сенеді.
Келін түскен жерінде алғаш үйге кіргенде, бсоғаға соғылмай кіруі керек. Келін босағаға соғылып қалса, үйдің берекесі қашады, келін баянды болмайды деп ырымдайды.
Жаңа түскен жас келін отқа сәлем бергенде: «От ана – Ұмай ана жарылқа» деп тілек тілейді. Басқа әйелдер отқа май құйып, алақандарын қыздырып алып, келіннің бетін сыйпайды. Бұл – келіннің жүзі жылы болсын, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені.
Екіқабат әйел ұл табамын десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе, қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға алқа, маржан, білезік, моншақ жастанады.
Қыздардың кіндігін көрсетіп жүруіне тыйым салынады. Кіндігі көрінген қыздың абыройы ашылады, ары төгіледі, бағы таяды, кіндігі кірлейді. Ішкірне ауруына шалдығады.
Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді, басына орамал салуы шарт. Баласын жалаңбас отырып емізсе, басының қайызғағы баланың аузына түсіп кетеді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, тілін алмайды, басына шығады деген ырым бар.
Әйел еркектің алдына төсін ашып отырмайды. Төсін ашып отырса, сұқ көз қадалады, тіл тиеді, соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі, тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүтсіз әйел – құтсыз әйел, ондай әйелдің құшағы суық, бауыры тас болады деп ырымдайды.
Қыздар өзінен жасы үлкен адамға немесе жігіттерге қарап тілін шығарып, жалақтатпайды. Бұл әдепсіздікке жатады, кейін тапқан баласы сақау болады деген наным бар.
Әйел адам итке тас лақтырмайды. Итке тас лақтырса, құты қашады деп ырымдайды.

Болат БОПАЙ 

kazgazeta.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста