Айнұр Әбдірәсілқызы: Радикалдарға мемлекеттің өзі жағдай жасап отыр

Айнұр Әбдірәсілқызы: Радикалдарға мемлекеттің өзі жағдай жасап отыр

Қазір көптеген азамат жат діни ағымға материалдық жағдайын түзету мақсатында, яғни мемлекет тарапынан тегін көмек алу үшін әдейі кіреді. Оны болдырмау үшін радикалдарға оның қарымтасын қайтаруды міндеттеу керек. Бұл туралы бүгін ҚР қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы конференция барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айнұр Әбдірәсілқызының айтуынша, қазір көптеген азамат жат діни ағымға материалдық жағдайын түзету мақсатында, яғни мемлекет тарапынан тегін көмек алу үшін әдейі кіреді. Осы орайда қоғамдық келісім комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры теріс ағымға кірген азаматтарға қандай жеңілдіктер жасалып отырғанын айтып өтті.

"Мектептерде "Жол" науқаны негізінде жат ағымда жүрген азаматтардың балаларына тегін киім-кешек таратылады. Жұмысқа тарту және әйелдерге арналған әртүрлі тегін курс ұйымдастырылады. Яғни қоғамға қосуға бағытталған түрлі шара ұйымдастырылып, тегін медициналық көмек көрсетіледі. Тіпті, кей жағдайда белгілі бір тіркеуден оңай өткізіп, балаларын балабақшаға орналастыруға көмек көрсетіледі. Теріс ағымға түсіп сотталған азаматтардың әйелдерімен жұмыс істеп отырған мамандар мұны жақсы біледі", — деді маман Астана қаласында "Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі" атты конференция барысында.

Әрі қарай ол бұл шаралардың қайтарымы болуы керектігін айтып өтті. Яғни теріс діни ағымға кірген азаматтардан осы тегін көмек пен жеңілдіктерді пайдаланғаны үшін қарымтасын алып отыру қажет. Себебі, кей азамат мұны теріс мақсатта пайдаланып, радикалды діндегілер арасында насихаттап жүр.

"Бірақ жоғарыда атап өткен шараларды тартына жүргізуге тура келеді. Олардың тарапынан қандай да бір қарымта болуы керек деген шартты заңдастырып қою керек сияқты. Өйткені соңғы кездері радикал өкілдерінің тарапынан "Көрдіңіздер ме? Мемлекеттің өзі бізге бар жағдайды жасап отыр. Құдайдың құдіретімен мемлекет бізге қызмет етуде" деген астамшылық пікірлер айтылып жүр. Бұдан өзге кейбір азаматтар "Дәстүрлі емес дінге өтіп кетсең, жақсы екен. Себебі мемлекет бар жағдайыңды жасап береді" деген ойда жүр", — деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Мұнымен қатар, маман бүгінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екі бағытта жүргізіліп отырғанын айтып өтті. Біріншісі — экстремизм мен терроризм профилактикасы, яғни алдын алу шаралары. Екіншісі — радикалдардың ықпалына түскен әр әйелмен нақты жұмыс жүргізу. Мұндайда әр әйел тұлға болғандықтан, олардың әрқайсысына жеке шара тағайындалады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста