"Әкем ауру болған соң мені бәрі мазақтайын": Қара қатын, Қолтықшаш образымен танылған әйел кім?

"Әкем ауру болған соң мені бәрі мазақтайын": Қара қатын, Қолтықшаш образымен танылған әйел кім?

Тик-токта танымал болып, трендке шығу үшін тұрпайылыққа барған тараздық келіншек көпшілік алдында көзтанысқа айналды. Бір басында бірнеше аты бар келіншекті оқырмандары Қара қатын, Қолтықшаш, Ұлы дала қатыны деп таниды. Желіде бірнеше оқырман жинап үлгерген бұл келіншек кім?

Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Оның аккаунты бір айда бір миллионнан астам қаралым жинаған. 32 жастағы келіншек жайлы әңгіме бүгінде отыз рулы елге тарады. Оның азан шақырып қойған есімі - Гүлнәр.

Қара қатын, Қолтықшаш ерсі видео түсіріп, хайпқа әдейі барғанын жасырмады. 

"Негізгі мақсатым оқырман жинау еді" деп мойындады.

Бағдарлама қонақтары мен сарапшылар Гүлнәрдің атын да, затын да сынға алды. 

"Мен мынадай атпен шықпас едім. Мен мұндай атты айтқым да келмейді. Хайп үшін болғанымен біз келер ұрпаққа не беріп жатырмыз?", - деді әнші Гүлмира. 

Қара қатынның бейәдеп биі біреуге ұнаса, біреуге ұнамайды. Жеңілтек мінез бен жалған образды желкен еткен әйелдің өз жан жарасы бар. 

"Әкем ауыратын адам. Арқасы қозады, жыны бардай есінен адасады. Дәрігерлер миында ақау бар деп айтты. Оның емделмейтінін айтты. Кейде адам танымай, қуа жөнеледі. Ағам да ауырады. Өзімнің бір балам бар. Күйеуім тастап кеткен. Баласына қарамайды. Одан ешнәрсе керек емес", - деді ол.

Гүлнәр әкесі ауру болғаны үшін өзін мазақ еткендердің болғанын айтты. 

"Мектепте оқып жүргенде мені бәрі шеттететін. Ешкім менімен сөйлеспейтін. Әкең ауру, өзің де аурусың деп мазақ етті. Мен өзімді төмен санадым. Ешкіммен араласа алмадым. Жағдайымыз жақсы болған жоқ. Кигіміз келген киімді кие алмадым", - деді Гүлнәр.

Жұмыссыз жүрген жалғызбасты ана шарасыздықтан шала іске барып, жеңіл ақша табуды көздеген. Өмірі күрес пен текетіреске толы Гүлнарға сарапшылар жаңа өмірге қадам басуға қолғабыс етуге уәде берді. 

Гүлнәрмен психолог маман, стилист мамандар жұмыс істеді. Нәтижесінде өзгерген, жаңарған, жаңа образдағы Гүлнәр ел алдына шықты. Гүлнәр да бұдан былай образын да, жандүниесін де, өмірін де өзгертуге уәде берді. 

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста