Алаш АЙМАҚ

Алаш АЙМАҚ

Ақтөбе – ел экономикасының локомотиві
Мемлекеттік үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруда Ақтөбе облысы республика бойынша жетекші орында келеді.Еліміздің Индустриялық картасына Ақтөбе облысынан құны 631,5 млрд теңгелік, 10 мың жаңа жұмыс орны ашылатын 68 жоба енген болатын. Бұл инвестициялық жобалар Ақтөбе облысында ойдағыдай жүзеге асырылып, тек осы өңірге ғана емес, Қазақстан экономикасының өркендеуіне де даңғыл жол ашып отыр.
Қойнауы қазба байлыққа то­лы, тоғыз жолдың торабында ор­на­ласқан Ақтөбе облысы – қазір Қазақстандағы инвести­ция­лық тартымды аймақтардың бірінен саналады. Сол себепті болар Елбасы Н. Назарбаев облысты «ел экономика­сы­ның локомотиві» деп бағалаған да еді. Бүгін­де бұл өңір әлемнің 70 елімен эко­номи­калық байланыс орнатып отыр. Экс­порт­қа негізінен шикі мұнай, фер­ро­қо­рыт­палар мен хром шы­ға­рады. Одан бөлек Ақтөбе күн санап көркейіп, қар­қын­ды дамып келе жатқан Астана мен Алматы секілді қалалардың қатарында. Облыста шикізат өндірумен қа­тар өң­деу­ші өндірісті дамыту үшін ин­вестиция тартып, бәсе­кеге қабі­летті болу жағына баса назар ауда­рылған. Сол үшін де мұнда жыл өткен сайын лицен­зияланатын қыз­мет түрлерінің са­ны азайтылып, рұқсат беру рә­сімдері же­ңіл­детіліп келеді. Түр­лі әкімші­лік­ кедергілер алынып тасталуда. Соның арқасында отандық өнді­ріс­ке өз қаржысын са­луға қызығу­шы­лық таныт­қан­дар әсіресе шетелдіктер саны көбе­йіп келеді. Соң­ғы он жыл­дың ішінде облыс эконо­мика­сына 2 трил­лион тең­геге жуық инвестиция тар­тыл­ған екен. Соның арқасында эко­но­ми­ка­дағы кіріс 4,8 есеге ұлғайыпты. Еңбекақы 4,5 есеге, ха­лық­тың табысы 5,3 есеге өскен. Тұрғын­дар­дың басқа ай­маққа немесе шетелдерге көшіп кетуі азайып, кері­сінше өңір­ге қоныстану­шы­лар қа­тары көбейе түс­кен. Со­ның ар­қа­сында соңғы 10 жылда облыс тұрғын­дары 106 мың адамға өсіп, барша облыс тұр­ғындарының са­ны 780 мыңға жеткен. Алдағы уа­қытта Ақтөбе­ні Қазақстанның ба­ты­сын­дағы 1 миллион тұрғыны бар өңіраралық жаңа орталыққа ай­налдыру жос­пары да бар.

– Ақтөбе облысы – Европа және Азия тоғысында географиялық тиімді жерде орналасқан аймақ. Ол солтүстігінде – Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Облыстың жалпы аумағы – 298,7 мың шаршы шақырым.
– Облыста шамамен 50-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілі тұрады. Халқының саны – 700 мың. Облыс құрамына: 12 әкімшілік аудан, сегіз қала (Ақтөбе), Алға, Жем, Қандыағаш, Шұбар-Құдық, Шалқар, Ембі), төрт қала үлгісіндегі ауыл және 500-дей елді мекен кіреді.
– Облыс өңірі бірегей минерал шикізат базасына толы. Өңір алтын, мұнай, газ, көмір, фосфориттер, алюминді және никельді кендер, сирек кездесетін ме­тал­дар, циркалий, үлкен қорлар құрылыс материалдары: мрамор, габро, каолин мен бор өндіреді.
– Ақтөбе облысының орталық әкімшілігі Ақтөбе қаласы болып табылады. Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін әкімшілік орталық. Қаланың 300 мыңнан аса тұрғыны бар.


ҚҰПИЯСЫ КӨП МҰҒАЛЖАР
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына барғандар ең біріншіТөлеубұлақ үңгірі туралы естиді. Оған бару үшін жасыл желек жамылған қайыңдар өскен шағын орманды тауып алу керек. Осы орманның қақ ортасынан суы мөп-мөлдір, тұщы әрі емдік қасиеті бар Төлеубұлақ бұлағы ағып жатыр. Сәл қашықтау жерде тастары қолмен қалап қойғандай Төлеубұлақ үңгірлерін көресің. Үңгірге кірген адам біраз тыныштық сақтап, күте тұрса, әуелі қыздардың сылқ-сылқ күлкілері, артынан тамылжыта салынған ән естисіз. Одан бірер уақыттан кейін қылыш, найза, қалқандардың сарт-сұрт дыбыстары естіледі. Тап бір қолма-қол айқас жүріп жатқан жерде тұрғандай әсерде боласыз. Үңгірге келіп түнемек болғандар түрлі дыбыстардан қорқып, ұйықтай алмайды. Сондықтан бұл маңға келген адамдар Төлеубұлақ үңгіріне көп жоламайды.


Ел аузында жүрген аңызға сүйенсек, серуенге шыққан 40 қыз Мұғалжар тауы сілемдерінің ішінде адасып кетеді. Сөйтіп, Төлеубұлақ үңгірлеріне тап болады. Жыртқыш аңнан, суықтан қорғанған қыздар үңгірді бірер уақыт паналайды. Өзара ән айтып, көңілді отырған қыздардың дауысын перілер естіп, оларды иеленіп кеткісі келеді-міс. Бірақ қыздар перілерге кіріптар пенде болғанша, өлгеніміз артық деген оймен тайсалмай,қарсы шайқасқа шығады. Одан арғысы белгісіз. 40 қыз перілерді жеңді ме, әлде қолды болды ма? Табиғаты әсем жердегі бұл үңгірдің және бір құпиясытаңбалы тастарында. Петрогливтердің сырын ғалымдар әлі аша қой­ған жоқ. Бұдан басқа нәзік те сұлу ақ қайыңдардың тас­ты жарып, жайқалып өсіп тұрғандығы таңғалдырмай қой­майды. Төлеубұлақ үңгірлерінің және бір қызығы бар. Алыс­тан қараған адамға Төлеубұлақ үңгірлерінің сыртқып ішімі – күн сәулесінің түсуіне байланысты өзгеріп отыратын­ды­ғында. Бір кезде көшіп бара жатқан түйелер керуенін көзге елестетсе, енді бірде бүк түсіп отырған адамның кейпіне ене қалады.
СОРКӨЛДІҢ СЕПТІГІ ТИЕДІ
Мұғалжар ауданында суы шипа, тұзы ем көлге адамдар көптеп барады.Соркөлдің суы тартылып, табанында алыстан аппақ болып жарқырап көрінетін тек таза тұзы қалған. Бірнеше шақырымға созылған Соркөлдің тұзы буын, сүйек ауру­ларына, сондай-ақ мұрын бітелгенде, гайморитке ем. Және ең қызығы, Соркөл емдік тұзын кез келген адамға «бермейтіндігінде». Бір уыс тұз көсіп алу үшін құдды жұқа мұздың үстімен жүріп бара жатқандай әсер қалдыратын белуардан келетін балшықты кешіп, тұзды жиекке жету керек. Аяқ асты енді-енді ойылып кетердей былқылдап тұрады. Сондықтан оған ешкімнің де жүрегі дауалай бермейді.
ТАУЛЫ ӨЛКЕНІҢ ТЫЛСЫМЫ КӨП
Мұғалжар ауданының тағы бір ерекше тауы – Айрықтау. Немесе «Ағайынды» таулар. Бұлай дейтін себебі, алыстан қарағанда бір-біріне жапсарлас тұрған екі тау егіз қозыдай ұқсас. Бір таңғаларлығы, екі таудың шөп жабындылары, тас құрамдары, топырақ төсенісіне дейін бірдей екен. Айрық та­уында тағы да «Түйемойын» ақ борлы таулы жиыны бар. Алыс­тан аппақ болып көзге көрінетін тау сілемдері бір қара­ғанда шөккен түйенің қос өркеші мен түйенің жанында отыр­ған ақ жаулықты әйелдің мүсіндерін көзге елестететіндей.


Облыста отарлы қой шаруашылығы қолға алынды

Елбасының тапсырмасына сай облыста егіндік алқаптар әртараптандырылып, ылғал сақтау технологиясына үлкен мән беріліп отыр.
Дегенмен биылғы аптап ыстықты айтпа­ғанда, соңғы үш жылдағы қуаңшылыққа байланысты ди­қан­дар үлкен шығынға батты. Бір тамшы жаң­быр тамбағаны аздай, биыл шегірткелер алқым­нан алды. Облыс әкімінің айтуынша, шегірткемен күрес қарқынды жүргізілген. Соның арқасында Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк аудандарында егісті сақтап қалу мүмкін болды. Дегенмен табиғат жағдайын ескере отырып, енді бидай егуден гөрі, малға қажет жем болатын дақылдарды егуге ауыспақшы. Әсіресе отар­лы қой шаруашы­лы­ғына үлкен мән бері­леді. Бұл жобаны іске асыру үшін «КазАгро» арқылы 500 млн теңге қаржы бөлінді. Аграрлық несие корпорациясы арқылы серіктес­тіктерге төрт несие желісі ашылды. Отарлы қой бағы­лып, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға күш жұмсалады. Ол үшін шетелден асыл тұқымды малдар сатып алынбақшы. Биыл­дың өзінде облысқа Канададан 2300 бас асыл тұ­қым­ды ірі қара әкелінді.
Ал республикалық «Сыбаға» бағдарламасы ая­сында 79 шаруа қожалығы2734 сүтті сиыр мен етті бұқа сатып алды. «АкТеп» ЖШС бір мезгілде 3 мың бас малды бордақылайтын алаңды салып шықты.


Сүйектен ою өрген
Он саусағынан өнері тамған небір шеберлер өткен қазақ тарихында қай өнер де құнды болған. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылында дүниеге келген Орынша Жылқышиева қазір ұмыт бола бастаған қолөнерді жаңғыртып жүр. Ол күнделікті өмірде көп адам мән бермейтін, әдетте ойланбастан итке лақтыра салатын мал сүйегін өңдеп, сәндеп, одан неше түрлі бұйым жасап, сатады.


Қазір Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақшат ауылында тұратын шебердің пышақ, ожау, қалақ, тіс шұқығыш, шүмек, ілгек сияқты тұрмысқа аса қажет әрі табиғи таза өнім ретінде жоғары бағаланатын сүйек­тен жасаған бұйымдарының қай-қайсысы да үлкен сұранысқа ие. Орынша Жылқышиеваның сүйектен жасаған ойыншықтары тіптен керемет. Базардағы қытайдың сасық ойыншықтарының қасында шебер­дің қолынан шыққан ерекше дүниелері көздің жауын алады. Оның бойындағы ерекше өнерге қызығу­шылық танытқандар да баршылық.
Отбасында дүниеге келген ат ұстары өмірден ер­те озып кеткен соң, одан кейін дүниеге келген қыз ба­ла­ға ырымдап Орынша деп есім берген екен. Кішкене кезінде әкесі Орынбасар ақсақал оны үнемі қасына ертіп жүрген. Содан да болар, Орынша ер мінезді болып өседі. Атқа мініп, мал ұстасып, көбіне сырттағы шар­уа­шылықпен айналысқан екен. Қыстыгүні соғым сой­ғанда да әкесінің қасынан бір елі қалмайтын Орын­ша жастайынан-ақ малдың он екі мүшесін түгел танып өсе­ді. Ауылда үйі қонақтан босамайтын, сондайда та­бақ жасап жатқан шешесінің қасында отырып та, көп нәрсені көңілге түйіпті. Ауылдағы орта мек­тепті біті­рісімен Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандығы бойынша оқып шы­ғады. Ауыл клу­бы­ның меңгерушісі қызметін атқара жү­ріп, сырттай Ақтөбе педагогикалық институтында кәсіп­тік оқыту және еңбек мамандығы бойынша білім алған.
Мектеп оқушыларына технология пәнінен дәріс бере жүріп, қазақы тұрмыс пен салт-дәстүрді жаңғыр­тып, сүйектануға ерекше ден қойған. Оны пайда­ланудың технологиясы еш жерде жазылмаса да, шаң басқан тарихымызды ақтара отырып, сол жолға түреңнен жол салған да – өзі.Іздене жүріп, сүйекті тұрмыста пайдалану жолдарын ашқан. Сол туралы таптырмас материалдар жинақтаған.
Орынша ЖЫЛҚЫШИЕВА, шебер:
– Қай іске де шығармашылықпен қарасаңыз, оның өзгелерге ұқсамайтын ерекше қасиеттері айқындалып, бұрынғыдан бетер қызықтыра түсері сөзсіз. Сүйекпен жұмысты алты топқа бөлемін. Тұрмыстық бұйымдар, ырым-тыйымдар, ұлттық ойындар, саз аспаптары, ойыншықтар, сый-кәделік бұйымдар. Жұмыс істеу барысында тарихымыздан сыр шертетін, табиғатымызға жақын аңыз-әңгімелерге, ертегілерге көбірек ден қоямын. Солардан түйгенімді ойда қорыта отырып, қолымдағы сүйектен бұйым жасап шығарамын. Және жасаған өнімдерімнің барлығы кәдеге жарап жатады.

ЖАҢА ҚАЛА — НҰР АҚТӨБЕ
Хромтау мен Орск автожолының айырылысар ауданында үлкен құрылыс басталды. Әзірге «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй ауданы деп аталғанымен, бұл жерде болашақта үлкен қала бой көтермек. Құрылысы 10-15 жылға созылатын бұл аумақта алдағы уақытта 260 мың адам қоныстанатын болады. Жоба құрылысы Ақтөбе қаласының бас жоспарында қаралып, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті.


Ақтөбелік тарихи тұлғалар, белгілі есімдер


Әбілқайыр хан (1693-1748 ж.ж.) – жас кезінен батырлығымен көзге түскен. 1726 жылы Ордабасын­дағы құрылтайда қазақ жасақтары­ның бас қолбас­шысы болып сайланып, Бұланты (1727 ж.), Аңырақай (1729 ж.) шайқастарында оның қолбасшылы­ғымен қазақтар жеңіске жетті. 1710-1748 жылдары – Кіші жүз ханы. 1731 жылы Ресей­мен әскери одақ құру, қиын кезең­нен шығу үшін Ресей империясына арқа сүйеу жөнінде шешім қабылдаған болатын.


Әйтеке Бәйбекұлы (1644-1700 ж.ж.) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Самарқандтағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған «Тіллә қари», «Шеридор» медреселерінде оқыған. 25 жасында Кіші жүздің бас биі болып сайланды. Тәуке ханның басты кеңесшілерінің бірі.«Жеті Жарғыны» жасауға қатысқан. Өзбекстандағы Навои облысы, Нұрата ауданы, Нұрата қорымында жерленген.


Есет Көкіұлы – (1667-1749 ж.ж.) Жоңғар-қалмақ шапқыншы­лығы тұсында көзге түскен Кіші жүздің жаужүрек батырларының бірі. Халық арасында Тама руынан шыққандықтан Тама Есет деген атпен белгілі. Батырлығымен қоса би, 1710 жылдан Тама руын, 1722 жылдан Жетіруды билеген би, даңқты қолбасшы болған. Қайтыс болғаннан кейін қазіргі Алға ауданы Бестамақ ауылына жақын жердегі төбеде жерленген. Халық аузында ол жер «Есет төбе» деп аталады


Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақтың көрнекті өнер зерттеушісі, атақты композитор, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик. Қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің құрушысы, алғашқы дирижеры. Мыңнан астам халық әндері мен күйлерін жазып алып нотаға түсірді. «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Ғасырлар пернесі», «Құрманғазы» мен «Замана бұлбұлдары» секілді іргелі танымал еңбектері бар.


Әлия Молдағұлова (1921-1944 ж.ж.) – қазақтың қаһарман қызы. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынған. Новосокольники деревнясы үшін болған ұрысқа жауынгерлерді ерлікпен алға бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Шығыс қыздары арасынан шыққан екі қыздың бірі – Кеңес Одағының Батыры. Оған арналған ескерткіштер Мәскеуде, Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, туған жерінде орнатылған. Ақтөбе қаласында мемориалдық музейі жұмыс істейді.

Бетті дайындаған: Бақыт Жаншаева, Ақтөбе. e-mail: bahit.zh@mail.ru. Тел: 87012557639

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста