Әлем неге алаңдаулы?

Әлем неге алаңдаулы?

Әлем неге алаңдаулы? Өткен айда Ақ үй басшысы климат өзгеруінің алдын алуға байланысты қабылданған Париж келісімінен АҚШ-тың шығатынын мәлімдеген-ді. АҚШ президенті Дональд Трамп Гамбургте өткен G20 саммитінде де өзінің ұстанымынан айныған жоқ. Көмірқышқыл газын шығару көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрған АҚШ басшысының сол сөзі әлемді әрі-сәрі күй кештірді.

 CNN арнасының мәліме­тін­ше, Трамптан басқа саммит­ке қатысушылардың бәрі климат өзгеруі мен жаһандық жы­лынудың күн тәртібінде тұр­ған мәселе екеніне келіскен. Әйтсе де, АҚШ-қа қатысты сауда-сат­тық мәселесінде оң ұстанымда қал­ған сыңайлы. ГФР канцлері Ангела Мер­кель саммиттің жабылуы кезінде: «Өкінішке қарай, АҚШ климат келісімін тастап шықты немесе солай жасауға мүдделі екенін мәлімдеді», ‒ деген болатын. CNN-нің хабарлауынша, G20-ның 19 мүшесі Париж келісімін жал­ғастыра беретініне уәде берген. Алайда, АҚШ келісімнен шы­қ­са да, ауаға бөлінетін көмір­қыш­қыл газы мөлшерін азайтуға талпынатынын жеткізді. «Саммиттен кейін Ресей пре­зиденті Владимир Путин климат өзгеруін «басты мәселе» деп атап, Меркельдің «жақсы ымы­раға» келгенін айтты. «АҚШ шық­са да, олар бұл мәселені тал­қылауды жалғастыра береді. Ме­ніңше, бұл оң шешім және мұны Ангела Меркельдің табыс- ты қадамы ретінде есептеуге бо­лады», ‒ деді Путин. Британия премьер-министрі Тереза Мэй де АҚШ-тың ұстанымына келіс­пей­тінін білдіріп, Трампты асық­пай ойлануға шақырды. Ал Канада премьері Джастин Трюдо «әлеу­е­т­ті экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау қатар жүреді», деп айтты», ‒ делінген CNN-дегі мақалада. Time журналы АҚШ-тың Париж келісімінен бас тартуы бас­қа елдердің бірлесе, бұ­рын­ғы­дан әлеуетті жоспар қа­был­дауға әкелгенін жазады. «Жыл басында Президент Трамп АҚШ-ты Париж ке­лісімінен шығатынын мәлім­де­генде, бұл жайтты жаһандық жылынуға қарсы саясатты әлем бойынша қолдайтындар мәселеге кедергі келтіреді деп қауіптенген. Алайда, Трамптан басқа әлем­нің озық экономикасының көш­бас­шылары G20 саммитіне жиналып, таза энергия өндіру мен климат өзгеруіне қатысты Париж келісіміне сай әрекет ете­тінін қайта нақтылады», ‒ деді Time. BBC агенттігі әлем көш­бас­шы­лары Трамптың пікірін өзге­р­туге қауқары жетпеді деп есеп­тейді. «Германияда өткен G20 сам­митінде 19 елдің басшылары АҚШ-тың шығып кеткеніне қа­рамастан, өздерінің климат өз­геруіне байланысты Париж келісіміне адалдығын білдірді. Гамбургтегі келіссөздердің соңғы күнінде тығырыққа тірелгендей болған, алайда, ақырғы келі­сім­ге қол жеткізілді. Онда Пре­зидент Дональд Трамптың бас­қа елдердің ұстанымына қа­ра­­мас­тан, Париж келісімінен шы­ға­ты­нын көрсетті», ‒ деп мә­лім­деді BBC арнасы. Дональд Трамп көмірқышқыл газын азайту саясатынан бас тарту өзінің басты ұстанымы екенін әлдеқашан мәлімдеген. Оның айтуынша, Париж келісімі АҚШ үшін оңтайлы емес. Әрі Ақ үй басшысы жаһандық жылынуға сене қоймайтынын бұрыннан бері айтып келеді. Трамп бұл мәселе АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілігін азайту үшін Қытай тарапынан ұйымдастырылған мәселе деп есептейтінін 2012 жылы твиттерге жариялаған-тұғын. Жалпы, Париж келісімі БҰҰ-ның климат өзгеруі жөніндегі конвенция аясында 2015 жылы қабылданып, бір жылдан кейін қол қойылған-ды. Құжат 2020 жылдан бастап әлем елдерін ауаға бөлінетін көмірқышқыл газы мөлшерін азайтуға мін­дет­тейді. Бүгінгі таңда оған әлем­нің 195 елі қол қойып, 153-і бе­кіт­ті. Келісімнің басты мақсаты ‒ жа­һандық жылынуды 2 градус Цельсийден төмен деңгейде ұс­тап қалу. Әлем елдерінің АҚШ-тың мұндай шешіміне алаңдауының негізі бар. Өйткені, жаһандық жылыну 2 градус Цельсийден асып кетсе, теңіз деңгейінің кө­теріліп, су жағалаудағы қала­лар­ды шайып кетеді. Бұл тура­лы ғалымдар көптеген зерттеулер жа­сап, әлдеқашан дабыл қағып үл­герген-ді. Қазірдің өзін­де кли­мат өзгеруінің әсері ора­­сан зиян тигізіп отырғаны бел­гі­лі. Мәселен, кейінгі кездегі әлем температурасының 0,5 гра­­дусқа көтерілуі Антарктида мұз­­дықтарының опырылып, же­­дел еруіне әкеліп соғуда. Тіп­­ті, бұрын мұз басып жата­тын аймақтар бүгінде қара суға айналған. Мұның «домино әсері» де бар. Сондағы су жалпы мұхит температурасын жылытып, оларды Антарктида астына апарып, мұздың еруін одан әрі жеделдетіп ке­леді. National Geographic жур­­налы алда-жалда осындай үрдіс­пен кете берсе, 2100 жылы теңіз дең­гейі 1-2 метрге көтерілуі мүмкін екенін айтады. Негізі, Антарктида мұзы тү­гел­дей ерісе, жер бетін су басып қалу қаупі бар. Алайда, әзірге ең көп зиян шегіп отырған ‒ Батыс Антарктида бөлігі. Ондағы мұз­дықтар саны азайып барады. Мәселен, Ларсен А және Б мұз­дық­тары түгелдей опырылып, ашық мұхитқа ағып кетті. Қазіргі таң­да Пайн аралы мұздығы да со­ның кебін киюі ықтимал. Әлем­дегі мұхит деңгейін 1 метр­ге көтеруге қабілетті Туэйтс мұз­ды­ғы да үлкен қауіптің алдында тұр. Бұл ‒ Антарктиданың батыс бөлігіне ғана қатысты. Мәң­гі ақ континент мұзының не­гізгі бөлігі оның шығысында екені мәлім. Бұрын ғалымдар Шығыс Антарктида қауіптен аман деп есептеп келген. Кей­ін­гі жүргізілген зерттеулер он­дағы жағдайдың мәз емес еке­нін көрсетті. 2015 жылы авс­тра­­­лиялық ғалымдар Шығыс Ан­­­тарктидаға аттанып, біраз де­­ректерге қол жеткізді. Мә­се­лен, еріген жағдайда теңіз дең­гей­ін 4 метрге дейін жоға­ры­ла­татын Тоттен мұздығы асты­нан жы­лы мұхит суы ағып жат­қа­ны анықталған. Яғни, бұл ‒ алып мұздық астынан ери бастады деген сөз. Алда-жалда атал­ған мұздықтардың еруі тоқтамаса, енді бір ғасырдан кей­ін жағалауларда орналасқан әлем­нің алпауыт қалалары су ас­­тына кетуі мүмкін. Ендеше, кө­мір­қышқыл тұтынымын азайту ‒ күн тәртібінде тұрған үлкен мә­селе. Қазақстан да бұл мәселеге бей-жай қараған емес. Еліміз Париж келісіміне қол қойып, ал­дағы уақытта осыған байла­нысты жұ­мыс атқарып келеді. Былтыр Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бағдарламасына сәйкес, олардың үлесін 2020 жылға қа­рай 3 пайызға, 2030 жылға дейін 30 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу көз­деледі», ‒ деп мәлімдеген бола­тын. Соның нәтижесі шығар, ел аумағында бірнеше баламалы энергия өндіретін стансалар са­лынып, олардың кейбірінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда, Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесінің тақы­ры­бы «Болашақтың энергиясы» болуы Қазақстанның әлемді алаң­датқан мәселеге бей-жай қа­ра­майтынын көрсетсе керек.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста