Әлеуметтік желі адам өлтіру құралына айналды
Жақында Бішкектегі Ататүрік саябағында шемішке шағып, қабығын жерге шашып отырған қыз жөніндегі ролик кең тараған. Оны әлеуметтік желідегі іші пысқан жұрт жерден алып, көрге салып, балағаттап, қорлап көп нәрсе айтып еді. Сол қыз осы ауыр сөздерді көтере алмай өмірмен хош айтыспақ болып уыстап дәрі ішкен.
Дегенмен, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
Бішкек мэрі қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық жайында хаттама толтырылып, Октябрь ауданындағы әкімшілік комиссиясына жіберген. Істі қарауға қызды шақырған кезде, оның ауруханада жатқаны белгілі болған дейді Азаттық тілшілері.
Тақырып сізге түсінікті деп ойлаймыз. Әлеуметтік желілер қоғамды сұмдық өзгертіп жатқаны соншама, кез келген жамандық тез етек жайып кете беретін болды. Әлеуметтік желінің арқасында жаңа туған нәресетені лақтыру флеш-мобқа айналса, атақты тұлғалардың шамына тиіп, шамырқанған сәтін видеоға түсіріп жариялау сәнге айналды.
Атың шықпаса, әлеуметтік желіге от қой...
shyn.kz