Алматы жезөкшелері ел бюджетін 5 млн теңгеге толтырмақ (фото)
Алматылық жезөкше қыздар тұрғындардың мазасын алғаны үшін төрт миллион теңгеден астам айыппұл арқалады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сейфуллин даңғылынан күнделікті 30-70 жеңіл жүрісті әйел тәртіп сақшыларына ұсталып қалып жатады.
Барлық қыздар фото және видео тіркеуден өткіп, әкімшілік заңды бұзғаны үшін жазаға тартылатыны туралы ескерту алады.
"Ағымдағы жылдың басынан бері Сейфуллин даңғылынан барлығы 1687 адам ұсталып, олардың 875-і ескерту алды. Ал 19-ы қамауға алынып, 788 айыппұл тағайындалды. "Қоғамдық орындарда тұрғындардың мазасын алу" бабы бойынша 411 жеңіл жүрісті әйел жазаға тартылып, тағайындалған айыппұлдардың жалпы мөлшері 4 млн 662 мың 795 теңгені құрады", - дейді полиция майоры Фархат Сбанбаев.