Алматыда 23 жастағы қызды жігіті пәтерге алдап апарып достарымен бірге зорлаған

Алматыда 23 жастағы қызды жігіті пәтерге алдап апарып достарымен бірге зорлаған

Ал оның жанында болған екі досы жәбірленушіні ұрып-соққан. Соның салдарынан қыздың миы шайқалып, мұрны сынған. Әйтседе, әбден қорқып қалған қыз болған оқиғаны бірден туыстарына айтпапты. Бәрі мәлім болған кезде ғана іске жақындары араласқан. Анасы тергеушілер күдіктіні ұстауға аса құлшынып отырған жоқ дейді.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы мәлімдейді.

«Ештеңе айт алмадым қорықтым. Мазам да болмады» – дейді

Көз жасы көл болған Индира Байәділованы қаңтардың 29 күні таныс жігіті анасынан киноға барамыз деп сұрап алып кетіпті. Ал сосын ағаммен таныстырамын деп алдап, пәтерге алып барған. Онда араққа сылқия тойып алған екі досы күтіп отырыпты. Олар бойжеткенге тиісіп, тіпті бірі соққыға жығыпты. Соққының қатты болғаны соншақылық, есінен танып қалған. Пәтерде қамап ұстап, дегенімізге көнбесең бұл жерден тірі шықпайсың деген танысы бір өзі арам ойын жүзеге асырған.

«Рүстем біраз сағаттан кейін шығарып тастады. Шығарып, дос баласының үйіне әкелді. Мені алдады. Құлап түстім деп айта сал. Қорықтым мен, мамама да жүрегін ауыртып қоям ба деп. Анама ештеме айтпадым да» – дейді жәбірленуші Индира Байәділова.

Бет-ауызы көк ала қойдай болған Индира болған жайтты туыстарынан жасырып қалған. Себебі, анасының жүрегі ауыратындықтан, салмақ салғысы келмепті. Үйіне келген сәтте жағдайы нашарлағандықтан, жедел жәрдем шақыртқан. Бас миы шайқалып, мұрны сынғандықтан бір айға жуық ауруханада жатқан. Тек өзіне келгеннен кейін ғана әпкесіне зорланғанын айтыпты. Полицияға соққыға жығылғаны туралы ғана шағым түсірген. Анасы тәртіп сақшыларына күдіктілердің телефон нөмірі, тіпті жеке куәлігінің көшірмесіне дейін тауып бердік дейді.


«Баланы тапсын, жазасын алсын. Басқа ешнәрсе демеймін. Мен қалай қиналсам, солай қиналсын. Тергеушілерге телефонын тауып бердім, олар тіпті іздеген де жоқ, телефондарын бердім» – дейді Индираның анасы Гүлнәр Төлендиева.

Тергеушіні орнынан таба алмаған туыстары тек телефон арқылы ғана хабарласып жүрген. Барлық мәліметтер қолдарында бола тұра, іздемей отыр деп күйінуде. Сөздеріне дәлел болу үшін Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаева тергеушімен сөйлескен сөзінің таспаға жазылған нұсқасын ұсынды.

«Уже удостоверениесіне дейін бердік. Барлығы түгел ғой, ана бала 1988-ші жылғы, Ардақ деген. Мен білем ғой, Ардақтың ұрғанын. Ол Ардақ деген қазір Алматыда жоқ. Оперлар үйіне барды, кеше де барды. Күтті, қонды, аңдыды, жоқ. Сіздерді вообще түсінбей отырмын. Прокуратураға жазу керек пе? Жазыңыз, жазыңыз! Прокуратура іздемейді, Сіздерге тауып бермейді».

Бұл Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаеваның тергеушімен сөйлескен сөзі.

Анасының қолқа салуымен Индира зорланғаны туралы полицияға арыз түсірді. Бұл іске қатысты Ішкі істер органдарынан ресми жауап алу мүмкін болмады. Дегенмен, күдіктілердің кім екені анықталып, оларға іздеу жарияланыпты. Жалпы елімізде 1998 жылдан бері зорлық-зомбылық дерегіне қатысты сотқа тек 25 іс жеткенімен бірде-бірі бас бостандығынан айрылмаған. Көбіне қыз-келіншектер жәбір көргенін дәлелдеу қиын болғандықтан жариялай бермейтін көрінеді. Бүгіннен бастап дағдарыс орталықтары одағы “150” сенім телефонын іске қосты. Теперіш көргендер осында хабарласып, құқықтық кеңес ала алады. Ал өмірін тас-талқаны шыққан Индира күдіктілер тиісті жазасын алады деп үміттенеді. 

caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста