Антикор Шымкент әкімдігінің шикілігін әшкереледі
Шымкентте жауапты басшылар пайдалануға берілген тұрғын үйдің газға қосылмағанына қарамастан нысанды қабылдаудан өткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.
- Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қоныстанғанына бір жыл болғанына қарамастан газдың жоқтығына байланысты жергілікті тұрғындар шағымданды. Мәселені қарау кезінде азаматтардың дәлелдері расталып, кешіктірілуіне тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы байланыстың болмауы себеп болғаны анықталды. Алайда, үйді пайдалануға қабылдауда коммуникация жүйелерінің толық қосылғаны көрсетілген. Аталған әлеуметтік мәселені шешу үшін Департамент мүдделі органдармен және мердігер ұйыммен бірлесіп кездесу ұйымдастырып, пәтерлерге газ берілді, - делінген департаменттінің таратқан ресми мәліметінде.