«Ақшалай көмектесетін еркек керек»: Қазақстандық қыздар осындай жарнама беріп жүр
Қазақстандық қыздар өздеріне қалталы азамат іздейді. Бұл туралы жарнамалар желіде жүр деп жазады Nur.kz.
Өздеріне қаржылай көмектесетін спонсор іздеген арулардың оларға қоятын жеке талаптары да бар. Яғни, ер адамдардың жасы маңызды. Сондай-ақ, олардың дені сау, материалдық жағдайы жақсы, адал болуы керек деген секілді талаптар бар.
Мұнда 19 жастағы студент қыздардың да жарнамалары кездеседі.
«Жасым 19-да, студентпін. Әдемі қызбын, әрі дене бітімім де келіскен. Өзіме ақшаға жомарт ер адам іздеймін. Алматы қаласынанмын», – делінген жарнамалардың бірінде.
Ал кейбір қыздар өздеріне тек мәселесін шешуде ғана ақша беріп тұратын ер адамдарды іздейтінін жазған. Енді бірі болса, ер адамнан алатын ай сайынғы ақшаның көлемін доллармен көрсетіп қойыпты. Сонымен қатар, көңілдес болуды және бірге тұруды ұсынған қыздар да жоқ емес. Олар ер адамының үйін тазалап, тамағын әзірлеп отыруға дайын екендерін ашық жазған.