Ақшасы бар «бай әйелдер» ойнас ұстайды

Ақшасы бар «бай әйелдер» ойнас ұстайды

Сұмдық-ай, заман не боп барады? Байқасаңыз, қазір жасы келген әйелдердің жас жігіттермен «жүруі» сәнге айналған екен.

Қалталы «кәрі» әйелдер «любовник» ұстайды


Құрбым бар. 40-тан асқан Сәния. Жекеменшік бала-бақша ашқан, күйеуінің де өз фирмасы бар. Төрт құбыласы тең, тұрмыс-тішілігі баршылық болғанымен, күйеуімен ортақ балалары үшін ғана тұратынын мойындайды. Өзінен он жас кіші «любовнигі» бар екенін мақтанышпен жеткізеді.

Екеуінің кездесіп жүргеніне бір жыл болыпты. «Жігіті» қала шетіндегі құс фабрикаларының бірінде жұмысшы болып істейді екен. Үшеуіміз кафеге баратын болдық. Жігіті жас, мығым денелі екен. Сәниянің білегінен, қолынан сүйіп, «зайка» деп қояды. Бірақ әлгі жігіттің шартпа-шұрт мінезі байқалып қалды.

Тағы бірде Сәния өзге құрбыларымен жаңа жылды атап өтуге мейрамханаға шақырды. Замандас төрт әйел отырмыз. Біраздан соң Зәмира есімді бір құрдасымыз келді. Соңынан тартымды, келбетті, бойшаң жас жігіт келе жатыр. Бізбен амандасып, Зәмирамен қоштасып, екі сағаттан соң келемін деп жайына кетті. Кейін белгілі болғандай, әлгі жігітіміз Зәмираның «жату үшін» жүретін «любовнигі» екен.

Шынында да, жап-жас жігіттерді «үлкен әйелдердің» құшағына итермелейтін қандай күш?Махаббат па, материалдық құндылықтар ма? Бұл сұрақты Сәниянің нақсүйеріне қойған едім.

— Мен оны сүйем

— Не үшін сүйесің?

— Ол мені өмір сүруге үйретпейді, қателіктерім мен мінезіме төзеді. Өзгертуге тырыспайды. Ал жас қыздардың қоятын талаптары жоғары, әсіресе материалдық жағынан.

Әйел – қырықтан кейін құтыра ма?


Не дейміз? Үлкен әйелдерді «сындыру» оңай. Әрі олар мейірбан, қамқоршыл, тәжірибелі. Жас жігіт өзінің жастығымен қызықтырып, «әйел үшін өзін сыйлықпын» деп ойлайды. Ендеше, «есеп бойынша жұп құру» дегенді, «кемелденген әйел+жас жігіт» жұбына қолдануға да болады.

Кемелденген әйелдер жас еркектен не іздейді?

Тек төсек қатынасы екені жасырын емес. Қырықтан асқан әйелдердің көбі өз замандасының «махаббаттағы» мүмкіндігіне көңілі толмайды.
Және жас жігіт ересек әйелдер үшін ынталандыратын күш тәрізді. Яғни, әйел дене бітімін сақтауға талпынып, күтініп, әркез жинақы жүруге тырысады.

Өкініштісі, Сәния сияқты әйелдер үшін жар адалдығы, отбасының беріктігі, шаңырақ берекесі деген ұғымдар аяқ астында тапталып қала беруде. Бөтен еркектің беліне жармасып, одан таяқ жеп, жағымсыз сөз естіп, ойыншық болып жүру махаббат па, нәпсінің жетегі ме?

Зәмира да жігітінің келбеті мен жастығына бауралып, қу нәпсінің құшағынан шыға алмауда.

Біздің қоғамда әйелдің адасуы басталған сияқты.

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста