Ақтау прокуроры тұрғындарды халық емшілері мен дуагерлерге сенбеуге шақырды

Ақтау прокуроры тұрғындарды халық емшілері мен дуагерлерге сенбеуге шақырды

Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев қала тұрғындарын халық емшілері, балгер, дуагер сындылардан аулақ болуға шақырды. Оның айтуынша, олардың көпшілігі адамдарды ақша үшін алдауға баратын дүмшелер екен.

«Бүгін теледидардан бастап, барлық жерлерде емшілердің түр-түрі өзін жарнамалауы жиілеп кетті. Олар қарғысты, көз тиюді жоямыз, мансапта өсуге септік болып, өмірге сәттілік шақырамыз деген түрлі ұсыныстар жасауда. Өздерін қалай атамайды десеңізші: дуагер, астролог, биокорректор, эниопсихолог тағысын тағы. Мұндай жарнамаларда грек, румын, сыған тәсілдерімен емдейміз деушілер адамдары осылайша өздеріне сендіруге тырысады. Ал жұртшылық оған сенуге әзір. Ақыры алданған көпшілік ақшасын да жоғалтады, денсаулығы да түзелмейді», – дейді Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев.

Бұл туралы «Ладаға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Прокурордың айтуынша, мұндай алаяқтықты дәлелдеу оңайға соқпайды. Десе де іс сотқа дейін жеткізіледі. Мәселен, өзін халық емшісімін дейтін бір азаматша жұртты алдағаны үшін сот алдында жауапқа тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, емшісымақ Ақтаудың сырқат тұрғыны туралы біліп алып, оған өзінің 2012 жылдан бері емдеп шығатын тылсым күші барына сендірткен.

Құрбанын сендірткеніне көз жеткізген ол, 1 миллион 21 мың теңгеге оны бар сырқатынан арылтып, жолын ашатынын айтқан. Алданғанын түсінген зардап шегуші полицияға жүгінді.

Полиция айыптының кінәсін дәлелдей алды. Алаяқты қалалық сот 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Прокурор мұндай дүмшелерге, тіпті қылмыстық іс қозғалса да жұрт сенуін доғарар еместігін айтты.

«Адамдарға емшілердің барлық емді ақшаға тірейтіні күдік туғызбайды. Бетпақтық пен айтқанынан қайтпайтын мінез мұндай «мамандардың» табиғатына сай», – дейді Әлібаев.

Оның айтуынша, алаяқтардың құрбанына көбіне сауаты төмен немесе мүлдем сауатсыз адамдар айналады. Олардан қомақты ақшаны алдап алғанына сенгісі келмейтін зардап шегушілер де баршылық.

www.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста