Ақтауда "Қолжетімді баспанамен" берілген үй тұруға жарамсыз (ВИДЕО)

Ақтауда "Қолжетімді баспанамен" берілген үй тұруға жарамсыз (ВИДЕО)

"Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында осыдан бір жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген Ақтаудағы көпқабатты үйдің қабрғалары жарылып, ылғалдан көгеріп кеткен. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлап отыр.

33-шағынауданның тұрғындары аталған тұрғын үйдің тек сырты ғана жаңа екенін айтады. Ғимараттың ішкі қабырғалары небәрі бір жыл ішінде әбден тозып кеткен. Едендері де шіріпті. Бөлмелері болса жылымайды дейді тұрғындары. Суықтың салдарынан қабырғалары көгерген.

Үйдегі пәтерлер "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін ақтаулықтарға беріліпті. Алайда, олардың қуаныштары көпке созылған жоқ.

"Қыстың басталғаны сол екен, 11 және 12-ші қабаттарда өмір сүру қорқынышқа айналды. Дала қандай суық болса пәтерлердің іші де сондай. Қабырғалар көгере бастады, үнемі ылғалданып тұрады. Салдарынан балаларымыз өкпе ауруларына шалдығып жатыр", - дейді үй тұрғыны Гүлжанат Сағынбаева.

Бұл үйде тұратын Нұрбол Тукешов 4 бөлмелі пәтерді ипотекамен алған. Алайда, үйдегі 5 адам төрт бөлменің тек біреуін ғана паналауға мәжбүр. Өзге бөлмелер тұруға жарамсыз.

Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары да тұрғындардың шағымы негізсіз емес дегенді айтады. Үйді тексерген олар бөлмелердегі температураның қалыпты нормадан әлдеқайда төмен екенін мойындаған. Әкімдіктегілер болса осыдан бір ай бұрын проблеманы шешеміз деп уәде еткен екен. Алайда, әкімдіктен үйге бас сұққан ешкім жоқ.

"Биыл ауа райы күрт суып кетті. Үйдің қабырғалары оған дайын болмай шықты. Қазір біз қабырғаларды жылыту жұмыстарымен айналысып жатырмыз", - дейді мердігер компанияның техникалық директоры Бари Хайбулин. Оның айтуынша, үй әлі кепілдікте тұрған көрінеді. Сондықтан, кем-кетігін жөндеу құрылыс компаниясының мойнында. Алайда, ол жылыту жұмыстарының қашан аяқталатынын айтқан жоқ.

sn.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста