Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді

Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназиясының зертханашысы өзін мазақ қылып, кемсітіп жүрген директорды сотқа беріп тынды.

Әріптестерінің алдында қорланғанын айтқан зертханашы осыған дейін NUR.KZ  порталына мектептегі бар былықты жайып салған болатын.

Қызметкер өзін «сотталған, алаяқсың» деп кемсіткен басшысын сотқа шақырып, жеңіп шыққанын қуана хабарлайды.

«Аудандық сотта білім бөлімі қызметкерінің растауымен мектеп директорының мені қорлағаны анықталды. Сот менің пайдама шешілді. Директор айыппұл төлейтін болды», - дейді Гүлнәр Шоқанова.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе №2 мектеп-гимназиясы директорының ұсақ бұзақылық жасағанын анықтаған. Директор өз кінәсін сотқа келген кезінде де мойындамаған.

«Г. Қалдыбаева жәбірленуші Г. Шоқановаға ұжымның алдында «бұрын сотталғансың» деп, басқа да ауыр сөздер айтқан. Ол айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Гүлнәр Қалдыбаеваға ҚРӘҚБ іК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған он айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынсын», - делінген сот анықтамасында.

Зертханашы мектеп директорының сотқа жетпеген былықтарын да айтып қалды. Директор мектепке тиесілі мемлекет мүлкін ешкімнің рұқсатынсыз пайдаланып отырған болып шықты. Қалдыбаеваның мектеп-гимназиясының ауласында тұрған цистернаны үйіне алып кеткенін аудандық білім бөлімі де анықтаған. Директор қатаң сөгіс алса да мемлекет мүлкін қайтармай отыр.

«Сегіз жыл бұрын біреуден 35 мың теңгеге алған қарызымды өтей алмай қалып, осы үшін сотқа шақырылған болатынмын. Мен мекеме тонаған жоқпын, ұрлық жасаған жоқпын. Директор алдымен өзінің не істеп отырғанына қарау керек емес пе? Қалдыбаева мектеп жанында тұрған цистернаны алып, өз мүддесіне пайдаланып отыр. Цистернаны ешкімнен сұрамастан үйіне алып кетті. Білім бөлімі тексерген кезде бұл жағдайды анықтаған болатын. Ол цистернаны аулаға әлі әкелген жоқ», - дейді Гүлнәр Шоқанова.

Мектеп директоры мемлекет мүлкін қайтармай отырса да, сотта жеңіліп қалғаны үшін апелляциялық шағым дайындап жатыр. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста